"Тәуелсіздік-рухани жаңғыру кепілі" атты іс-шара » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тәуелсіздік-рухани жаңғыру кепілі" атты іс-шара
15
декабрь
2017

"Тәуелсіздік-рухани жаңғыру кепілі" атты іс-шара

«Тәуелсіздік -рухани жаңғыру кепілі» атты Тәуелсіздік мерекесіне арналған ертеңгілік.
Мақсаты:1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп, демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып,жастардың алаңға не себепті,қандай мақсатпен шыққандығын жеке түсіндіру.
Жүргізуші;Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар.Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік –рухани жаңғыру кепілі» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.Сіздерді еліміздің ең ұлық,ең қастерлі мерекесі-16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын ,көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі-Әнұраны!
Әнұран орындалады.
Жүргізуші; Қазір бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн,әрі қайғылы ,әрі бақытты күн.26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А. Қонаев түсіріліп,орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті,Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын.-деп халық наразылық білдіріп,көтеріліске шықты.1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да,әділетсіз көтерілістің бірі.Ел есінде мәңгі сақталатын сол күнгі оқиға туралы мына бейне баянға назар аударыңыздар.
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн, демекші кезекті балаларымыздың желтоқсанға арналған тақпақтарына берейік. Тақпақтар. Тәелсіздік елдеміз,
Қуанамыз күнде біз.
Ата-бабам қалдырған,
Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!



Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жасар жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға әпкелеріміз.

Намысымның шырағы да –Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да- Желтоқсан .
Жігіттердің ұраны да –Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да-Желтоқсан.
Жүргізуші;1986 жылғы желтоқсан көтерілісі-ХХ ғасырдағы айтулы оқиға.Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады.Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өмірдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды.Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты,түрмеге қамады.Жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова,Сабира Мұхаметжанова,Қайрат Рысқұлбеков,Ербол Сыпатаевтарды тағы басқа қаза болған ер жүрек ұл қыздарымызды орындарыңыздан 1 минут үнсіз тұрып,еске алуды сұранамын.Рахмет.
Жүргізуші;Бір ғана өкініш бар.Ол азаттық үшін жан аямай алысқан,сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы. Ендеше,балалардың сол боздақтарға арнаған тақпақтарын тыңдаңыздар.
Тақпақтар; Шындықты жазғаныма кінәлама,
Айтпасаң болған жайдан із қала ма?
Бар ойым өткендерді есіңе сап,
Азаттықтың қадірін біл деу ғана.

Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын
Жерді ,дінді,тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.
Жүргізуші; 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ.Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді.
Сәбира мен Ләззаттың,
Арымен келген еркіндік.
Қасірет пен қайғының,
Бәрімен келген еркіндік.
Қайраттай қайсар ұлдардың,
Жанымен келген еркіндік.
Көрініс. Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр.
Қайрат; Қаймана қазақ қаны үшін
Қарусыз шықтық алаңға
Алыстан әскер алдырып
Қырып салды-ау табанда.
Сөйлесем сөзім жетпейтін
Кез болдық мына заманға
Шовинизм еді ғой,
Басты себеп жанжалга.
Тергеуші; Доғар,өшір үніңді. Алып келіңдер ананы.Эй, сілімтік халық жасақшысы Совицкийді өлтірген сен бе?
Қайрат Рыскулбеков. Жоқ,мен емес.
Тергеуші;Сен өлтіргенсің.мойныңа ал.
Қайрат Рыскулбеков; Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар!
Тергеуші; Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың,декабрист несчастный!Бүзақы.
Қайрат Рыскулбеков; Ешқандай қылмысым жоқ. Ешкімді өлтірген жоқпын. Бұл әділдік емес.
Анасы; Бұл үкім дұрыс емес. Менің балам ақ.Ол қылмыскер емес. Тиіспеңдерші, ұрмаңдаршы баламды.
Тергеуші; Әкетіңдер,құртыңдар,атыңдар!
Анасы ; Кешіріңдерші Қайратты. Ол әлі жас қой! Кешіріңдерші, балаларым. Сендердің де балаларың бар шығар ? Мен-анамын ,ақ жаулығымды сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын . Кешіріңдер!
Қайрат; Көтер ана,көтер ана басыңды.
Өтті, кетті жауынды күн жасынды
Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген,
Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды.
Тергеуші; Әкетіңдер мына оңбағанды.
Қайрат; Тоқта! Айтар сөзім бар.
Күнәдан таза басым бар
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар.
Мен не етермін,не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген қош бол таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Қош аман бол артымда,
Ағайын-туыс ,азамат,
Артымда қаған ата- анам,
Ел жұртым саған аманат.
Қайратты кісендеп алып кетеді.
Жүргізуші; Міне, осындай ер жүрек батыр ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзіне танылуда. Біздің Отанымыз Егеменді тәуелсіз Қазақстан республикасы .Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті.Олай болса,біздің балаларымыз тәуелсіздік туралы не айтады екен?
Тақпақтар; Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күні мен.
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем.
Жүргізуші; Ежелден –ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кең пейіл халықпыз.Сол пейілімізге қарай қазақ халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған. Ендеше ,нендігі кезекті әнге берейік.
Ән; «Атамекен»
Жүргізуші; Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін.
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
Иә, бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. Сол үшін қанша қан төгіліп, жан қиылды. Сол қан төгістің арқасында біз тәуелсіздікке қол жеткіздік.Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Біз дамыған алдыңғы қатарлы ел болу үшін тілімізді ,дінімізді, рухани дәстүрімізді,мәдениетімізді дамытуымыз керек. Дамытқан кезде барлығы бір-бірімен үнемі рухани байланыста болуы шарт. Заман сынына сүрінбей ,озық дәстүрлерді табысты жаңғыртуымыз қажет.Енді балалардың тақпақтарына кезек берейік.
Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға әпкелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.Тәуелсіздік-ел мұраты.Енді біздің парызымыз ұлттық рәміздерді қастерлеу. Елбасының «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» атты жобасын жүзеге асыру.Тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті,дамыған елдер қатарына қосу.
Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
Ән; « Қазақпын»
Жүргізуші: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі.
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату –тәтті боп халқымыз әрқашанда
Кетпесі туған жердің берекесі,дей отырып , бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне арналған « Тәуелсіздік –рухани жаңғыру кепілі» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.
"Тәуелсіздік-рухани жаңғыру кепілі" атты іс-шара"Тәуелсіздік-рухани жаңғыру кепілі" атты іс-шара
"Тәуелсіздік-рухани жаңғыру кепілі" атты іс-шара