№391 бұйрық 22 маусым 2016 жылы » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №391 бұйрық 22 маусым 2016 жылы
28
август
2018

№391 бұйрық 22 маусым 2016 жылы

"Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 391 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14009 болып тіркелді
• Мәтін
• Ресми жарияланым
• Ақпарат
• Өзгерістер тарихы
• Сілтемелер
• Көшіру
• Басқа
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 23 ақпандағы № 74 (28013) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары;»;
2) тармақша алынып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде осы бұйырықтың көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның Электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
№ Білім беру салалары/ Ұйымдастырылған оқу қызметі Жас тобы
Ерте жас тобы (1-2 жастағы балалар) І кіші топ (2-3 жастағы балалар) ІІ кіші топ (3-4 жастағы балалар) Ортаңғы топ (4-5 жастағы балалар) Мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы (5-6 жастағы балалар) Жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы (6-7 жастағы балалар)
1 «Денсаулық» 3 3 3 3 3 3
Дене шынықтыру 3 3 3 3 2,5 2,5
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері - - - - 0,5 0,5
2 «Коммуникация» 1 1 2 2,5 5 6,5
Сөйлеуді дамыту 0,5 0,5 1 1 1 1
Көркем әдебиет 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5
Сауат ашу негіздері - - - - 1 1,5
Қазақ (орыс тілінде оқытылатын топтарда)
Орыс (қазақ тілінде оқытатын топтарда) - - 0,5 0,5 1 2
Шет тілдерінің бірі - - - - 1 1
Драма - - - 0,5 0,5 0,5
3 «Таным» 1 2 2,5 2,5 2,5 3,5
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру - - 1 1 1 2
Сенсорика 0,5 0,5 - - - -
Құрастыру - 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5
Жаратылыстану 0,5 1 1 1 1 1
4 «Шығармашылық» 2 3 3 3,5 5 5
Сурет салу 0,5 1 1 1 1 1
Мүсіндеу 0,5 0,25 0,25 0,5 1 1
Аппликация - 0,25 0,25 0,5 1 1
Музыка 1 1,5 1,5 1,5 2 2
5 «Әлеумет» - - 0,5 0,5 1,5 2
Өзін-өзі тану - - - - 1 1
Қоршаған ортамен танысу - - 0,25 0,25 0,25 0,5
Экология негіздері - 0,25 0,25 0,25 0,5
6 Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы 7-15 мин. 15-20 мин. 25-30 мин.
7 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жалпы көлемі 7 9 11 12 17 20
8 Вариативтік компонент* - - 1 2 3 4
9 Барлығы 7 9 12 14 20 24
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 22 маусымдағы
№ 391 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 557 бұйрығына 1-қосымша
1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытудың үлгілік оқу жоспары
*басқа іс-әрекет түрлеріне (ойын, дербес, шығармашылық, жеке жұмыс және т.б.)