Қадыр Мырза Әлі балалар жазушысы » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қадыр Мырза Әлі балалар жазушысы
11
январь
2023

Қадыр Мырза Әлі балалар жазушысы

   Білім алушыларға Қадыр Мырза Әлі шығармашылығын насихаттау,ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату,сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне,жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру болып табылады. 
Білім алушының сөз мәдениетін дұрыс меңгеріп,жырларды мәнерлеп оқуға,өлеңді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу,рухани танымын кеңейту мақсатында тәрбие сағаты өткізілді.Қадыр атамыз балаларға арнап көптеген жұмбақтар,жаңылтпаштар,санамақтар жазған.Білім алушылар тәрбие сағатымыздың барысында жұмбақтар шешіп,жазушының өлеңдерін оқыды.Қадыр атамызды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап,әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі.Ендеше Қадыр жырлары ешқашан ұмытылмай ұрпақтан-ұрпаққа насихаттала бермек.Білім алушылар тәрбие сағатын Атамекен әнімен қорытындылады.