
Білім алушыларға ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін,табиғат пен адамның байланысын,салт-дәстүрін,өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.Қазақтың әдет-ғұрпын,тіліміз бен дінімізді құрметтеуге,имандылыққа тәрбиелеу мақсатында тәрбие сағаты өткізілді.Балалар наурыз айында табиғатта болатын өзгерістер мен ерекшеліктері туралы әңгімеледі.Наурыз көжеге қосылатын дәнді-дақылдардың түрлерін пайдалана отырып,постер қорғады.Сыныпта оқушылар бата беріп,бір-біріне тілектерін білдірді.