Мектепішілік бақылау.Сабаққа қатысу,бақылау және талдау.
Сабақты бақылау, зерттеу мен талдау оқыту процесін жақсартудың, педагогтің кәсіби өсуі мен дамуының, білім алушылардың білім сапасын арттырудың негізі болып табылады. Сабаққа қатысу барысында: сабақтың оқу бағдарламасының мазмұны мен оқу мақсаттарын сәйкестігіне, формативті бағалаудың өткізілуіне, педагогтің кері байланыс жасауына, білім алушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына, әрбір білім алушыға жеке көңіл бөлуге, сабақта цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдануға, оқыту процесінде белсенді әдіс-тәсілдерін қолданылуына назар аударылды. Сабақтарды бақылау нәтижесі бастауыш сынып әдістемелік бірлестіктің отырысында қаралды,талдау жасалынды. Жіберілген кемшіліктер бойынша мұғалімдерге ұсыныстар берілді және бір-бірінің сабағына жүйелі түрде қатысуы ұсынылды.




