Жасыбаева Галия Баймахановна

Жасыбаева Галия Баймахановна 1967 жылы 28 желтоқсанда Жамбыл облысы Меркі ауданы Андас батыр ауылында туған, ұлты - қазақ, білімі жоғары.
2001-2003 жылдар аралығында Тараз қаласындағы «Әулиеата» Университетінің бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультетінде оқыды. 2003 жылы аталған жоғары оқу орнын бітіріп, Жамбыл облысы Меркі ауданыңдағы 3 орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 2004-2006 жылдары осы аталған мектебінде директордың бастауыш саты бойынша оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2008-2010 жылдары директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары,2012-2017 жылдары осы мектеп жанынан ашылған шағын орталық әдіскері болды. 2017 жылдың шілде айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Меркі кауданы білім бөлімінің №25 бастауыш мектеп меңгерушісі болып қызмет етуде.2017 жылы «ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру бағдарламасы»,2018 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Көшбасшылық және шағын жинақты мектепті басқару» шағын жинақты мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курстарын бітірген. Білім саласында жаңартылған білім мазмұны бойынша бірнеше курстарды тамамдаған.
Отбасылы, жанұяда 2 қыз,1 ұл тәрбиелеуде.