МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ
02
сентябрь
2022

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

 ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ
 
 
Бұл Жолдаудың орны барлығымыз үшін ерекше. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында білім саласына қатысты бірқатар мәселені көтерді. Жолдаудағы Президент жүктеген тапсырмалар білім берудегі ең маңызды сұрақтарды қамтып отыр. Оның ішінде балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеріп, жүктемесін төмендету бар. Сол сияқты балабақшамен толық қамту бойынша қосымша іс-шара қабылданады. Одан бөлек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы ерекше маңызға ие. Жаңа мектептер қазіргі заманның барлық талабына сай салынатын болады. Бұл сапалы білім беруге әсерін тигізеді. Одан бөлек, Мемлекет басшысы Жолдауда апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешуді тапсырды.

      Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Жолдауында еліміздің болашағы саналатын балаларға ерекше көңіл бөлді. Мәселен, сарапшылар Ұлттық қордан қаржы бөлу де балалардың болашағына құйған инвестиция әрі әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына әсер етеді дейді.

Бұл жолғы Жолдау маңызды де күрделі деп есептеймін, елде болған пандемияға байланысты қиындықтар өте көп, оны шешу жолдары оңай емес, бұны жоғары деңгейде шешу үшін стратегиялық жоспарлар мен реформалар агенттігін құру бойынша тапсырма берілді, бұның өзі халық жағдайына қарасқан мәселе.
 Расында да, Жолдаудың әр сөзі халыққа керекті мәселелерді қамтиды. Еліміздің тағдыры – біздің тағдырымыз, еңсесі биік, тұтқасы берік еліміздің алға қойған мақсаттары орындалсын деген тілек үстіндеміз.