Қазақ тілі пәнінің әдістемелік апталығы өткізілді » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілі пәнінің әдістемелік апталығы өткізілді
04
февраль
2022

Қазақ тілі пәнінің әдістемелік апталығы өткізілді

      31.01-04.02.2022 жылы аралығында  қазақ тілі пәнінің әдістемелік апталығы өткізілді. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты –сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.
Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі – білім алушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру.

  Апталық барысында "Сын тұрғысынан ойлау" тақырыбында коучинг,ашық сабақтар,3-4 сынып оқушылар арасында "Қыс қызығы" тақырыбына эссе жазу байқауы өткізілді.Апта қорытындысы жасалынды,өткізілген сабақтарға талдау жасалынып,эссе байқауының нәтижесі шығарылды.Сабақ өткізу барысында мұғалімдердің сабақ өткізу әдістемелік деңгейі бойынша ой-пікірлер айтылды.Кемшіліктер бойынша түзету жұмыстары жоспарланды.