Жас мамандармен жұмыс » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
октябрь
2022

Жас мамандармен жұмыс


          Мектепте жас мамандармен жұмыс жоспарына сай 2022 жылдың 

27 қазан күні биылғы оқу жылында келген жас мамандар Б.Алдебаева және Д.Дауеловамен бірінші тоқсан аралығында  жүргізілген жұмыстардың қорытындысы жасалынды.Тоқсан басында жұмыс жоспары құрылып,педкеңесте бекітілді. Жас мамандармен сұхбаттасып мектептің жұмыс режимімен және ішкі тәртібімен таныстырылды,ҰМЖ және ҚМЖ құрастырылуы бойынша әдістемелік көмек берілді.Жаңа оқу жылындағы балдық жүйенің шкаласымен таныстырылып,күнделік жүйесінде дұрыс жұмыс жүргізу әрекеттері бақылауда болды.

     Жұмыс барысында кездескен қиындықтарын анықтау арқылы кәсіби шебірлігінің деңгейін саралау жүргізіліп,өзіндік даму тақырыптары анықталды. Жас маманмен оқушының дәптерімен,күнделігімен, жеке іс қағаздарымен қалай жұмыс істеу қажет екенін талқылау жасалынды.Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту формасы мен түрлерінің сабақ барысында қолданылуына саралау жүргізілді.

       Жас маманға І- тоқсандық қорытынды шығару бойынша,жиынтық бағалау қорытындысын жасау,есеп тапсыруға бағыт-бағдар берілді.Жиынтық бағалауды жинақтап, оқу жетістіктерін критериалды бағалау үлгісін толтыруын қадағалау үнемі жүргізіліп тұрды.

Тоқсан ішіндегі жіберілген кемшіліктер ескертіліп,алдағы уақытта сапалы жұмыс жүргізуге кеңес берілді.