Ұлттық ойын - халық мұрасы » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
декабрь
2022

Ұлттық ойын - халық мұрасы

Білім алушыларға халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы,оның атадан балаға,үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағлұмат беру.Ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз,асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу мақсатында тәрбие сағаты өткізілді.Қолданылған көрнекіліктер:слайд,суреттер.Мұғалңм ұлттық ойындар туралы мәлімет берді."Қыз қуу"ойыны ойнатылды.Бір қыз бен бір бала кезекпен мұғалім дайындаған сұрақтарға жауап береді.Кім сұраққа көп жауап берсе,соның аты алда келіп жеңімпаз болады."Жұмбақ айту" ойыны ойнатылды.Жұмбақ айту ой-өрісті кеңейтуге,сауатты молайтуға үлес қосады.Сонымен ұлттық ойндар-ата-бабамыздан бізге жеткен,өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз,асыл қазынамыз.