Оқушылар » Страница 18 » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы.
27
сентябрь
2022
Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы.
2 сынып Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы. Мақсаты: 1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. 2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу 3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту
"Ұлттың ұлы ұстазы"Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы
21
сентябрь
2022
"Ұлттың ұлы ұстазы"Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы
1 сынып Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу
«Ана тілім ажарым- асыл мұрам» тәрбие сағаты өткізілді
21
сентябрь
2022
«Ана тілім ажарым- асыл мұрам» тәрбие сағаты өткізілді
Оқушылардың өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту мақсатында 3-сыныпта тәрбие сағаты өткізілді.  Сабақ барысында тақырып презентация  арқылы түсіндірілді.Сонымен қатар оқушылар 3 топқа бөлініп дайындаған өлең шумақтарын айта білді. «Адасқан сөздер» ойыны арқылы 
"Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы"
20
сентябрь
2022
"Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы"
2 сынып Мақсаты:     Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу.     Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін , рухани жан дүиесін байыту. Ойын ашық білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.     Әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, оқушыларды елін сүюге, әдебиетті білуге тәрбиелеу.
"Тіл - татулық тірегі!"
14
сентябрь
2022
"Тіл - татулық тірегі!"
1 сынып Мақсаты:Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.  
«Жол  қауіпсіздігін сақтаймыз!»
13
сентябрь
2022
«Жол қауіпсіздігін сақтаймыз!»
Жолда жүру ережесі 2 сынып. 13.09.2022 жыл Сабақтың тақырыбы: «Жол қауіпсіздігін сақтаймыз!» Сабақтың мақсаты:  1. Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру. 2. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу. 3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.
«Жол тәртібін білейік,аман-есен жүрейік» тақырыбында 3 сыныпта тәрбие сағаты өткізілді.
07
сентябрь
2022
«Жол тәртібін білейік,аман-есен жүрейік» тақырыбында 3 сыныпта тәрбие
     Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу мақсатында 3-сыныпта тәрбие сағаты өткізілді.Сабақ барысында оқушылар жол ережелеріне байланысты суреттер салып,суреттерді қорғай білді.
"Отбасы - бақыт мекені"
07
сентябрь
2022
"Отбасы - бақыт мекені"
1 сынып Мақсаты: Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру.
«Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім»
06
сентябрь
2022
«Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім»
2 сынып  Та қырыбы:  «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім» Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілі – ана тіліміздің ерекшеліктерін, қадір қасиетін өлең сөздер мен шешендік сөздер арқылы түсіндіру. Ана тілінің қазіргі кездегі дамуындағы жетістіктері мен кемшіліктерін айқындап, өз ойын ашық айта және қорғай білуге үйрету. 
"Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және отаншылдық"
01
сентябрь
2022
"Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және отаншылдық"
1 сынып  мақсаты: Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік бере отырып, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.