Біз туралы » Страница 30 » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көп оқы ,көп білуге ұмтыл!
25
ноябрь
2021
Көп оқы ,көп білуге ұмтыл!
3 сынып  білім алушылары Тәрбие  сағатының  мақсаты:       Кітап – рухани сарқылмас қазына  екенін  түсіндіру. Кітап деген де, әр адамның түсінігі әр түрлі. Мәселен біреулер ермек үшін оқыса, біреулер адам өміріңдегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы  деп  білу керектігін ұғындыру. Кітап оқымай өмірді білу,білім алу мүмкін емес  екендігі жайлы  түсінік  қалыптастыру.
"Жолда сақ бол!"
24
ноябрь
2021
"Жолда сақ бол!"
1 сынып Мақсаты:оқушылардың жолда жүру ережесін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Бағдаршам мен белгілермен таныстыру, зейіндікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.  
Ашық сабақ
24
ноябрь
2021
Ашық сабақ
Әдістемелік апталық аясында 1 сынып мұғалімі Алметова Алия "Ә ә әрпі мен дыбысы" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында ашық сұрақтар,жұмбақтар шешу,   “Мен саған, сен маған” әдісі .Сурет бойынша әңгіме құрау,саралау тапсырмалары, сандықшаның ішіндегі жұмбақтарды шешіп,медальға ие болу әдіс-тәсілдері қолданды.Сабақ соңында талдау жасалынды.
"Сабақ талдау әдістемесі" оқыту семинары
19
ноябрь
2021
"Сабақ талдау әдістемесі" оқыту семинары
Мектепте "Сабақ талдау әдістемесі" тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Ұлттық  валюта  күні
18
ноябрь
2021
Ұлттық валюта күні
3 сынып  15 қараша – Ұлттық валюта күні.  Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту. Туған жеріне, отанына сүйіспеншілігін ояту.      
"Сын тұрғысынан ойлаудың мәні" тақырыбында мұғалімдермен коучинг өткізілді
15
ноябрь
2021
"Сын тұрғысынан ойлаудың мәні" тақырыбында мұғалімдермен коучинг
Оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамыту мақсатында мектептің жоспарына сай "Сын тұрғысынан ойлаудың мәні" тақырыбында мұғалімдермен коучинг өткізілді.Коучингті әдістемелік бірлестік жетекшісі Н.Иманбаева  өткізді.Іс шара барысында сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі, «Болжау» стратегиясы, «Ой толғау» тапсырмасы арқылы мұғалімдердің  оқытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің ерекшеліктеріне тоқтап,өз-ара пікір алмасу,тәжірибемен бөлісу мәселелері қаралды.
Алтын  күз !
11
ноябрь
2021
Алтын күз !
3 сынып Алтын күз мерекесі  Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясындағы жұмыс
08
ноябрь
2021
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясындағы жұмыс
Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігі мен оқу сауаттылығы арттыруды көздейді.Мектеп кітапханасында апта бойы әр сынып оқушыларына  жоспарланған кестеге сай 20 минуттық кітап оқу әрекеті ұйымдастырылған.