Кітапхана-ғажайып әлем » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
январь
2024

Кітапхана-ғажайып әлем

Қазіргі қоғамымыздың қайнар көзі осы кітапханадан бастау алады. Осы қасиетті қазынамыз кітаптарды көзіміздің қарашығындай сақтайтын, оқырманды кітап мұхитына жетелейтін мәдени ошақтардың бірі кітапхана болып табылады. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір.қазіргі таңда оқырманның өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығымен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын  қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше. Кітапхана – сапалы білімнің қайнар көзі десек, адам жаны – небір  жақсылық пен кереметтің, ізгі ниетінің қайнар көзі. Теледидар, радио және интернет  желілері бойынша сағат сайын берілетін толассыз жаңалықтар легін қанағат тұтқан жұртшылық кітап оқуды сиретіп бара жатқаны ащы  шындық.
Дегенмен құндылықтың бастауы – кітап екендігі де белгілі. Шекспир «Кітап – маған тақтан да қымбат», — деп кітаптың құдіретіне табынды, бүгінгі жедел ақпарат тасқынының тасасында қалып бара жатқан «кітап әлемін» қайта жандандыру – кітапханашыларға  жүктелген үлкен міндет. Қоғам өз кітапханашыларының орнын, мәнін әлі түсінбейді. Көпшілігі интернет қызыметіне үйренген, олар электрондық тасығыштарды, соның ішінде компакдискілерді, сақтау және ақпараттық  жеткізу құралдарын қолдана біледі және кітапханаға білім мен жаңа технология үндескен қазіргі заман талабына сай мәдени орталық ретінде қарайды.