АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ
04
октябрь
2023

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

III. АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Тақырыбы

Мазмұны


1–4 CЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ



Отбасы – бақыт бесігі 


Ата-ана өмірінің

 басты мақсаты

 бақытты адам

 тәрбиелеу

1.  Балалардың әл-ауқаты оның бақытты өмірінің негізі

2.  Ата-ананың баланың әл-ауқатына жауапкершілігі

3.  Кішкентай балалардың жас және әлеуметтік ерекшеліктері

4.  Отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: ата-ананың балаға назар аударуы, қолдау, позитивті қарым-қатынас, өзара түсіністік, сенімге құрылған қарым-қатынас 

5.  Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген отбасылық тәрбие әдістері


Білімдіге дүние

 жарық.


Таным қуанышы: баланың қызыға

 оқуына қалай

 көмектесеміз?


1.  Баланың жеке басын дамытудағы мектепке бейімделуінің маңызы 

2.  Баланың танымдық қабілеттерінің даму деңгейін және мектепке бейімделуін диагностикалау

3.  Баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым-қатынас жасау дағдыларын ұлттық мәдениет негізінде дамыту әдістері

4.  Үй тапсырмасы: көмектесеміз бе әлде...

5.  Балалардың оқуға қызығушылығын арттыру үшін отбасы мен мектептің өзара әрекеті


Әрбір бала – жарық

 жұлдыз


Әр баланың

 ерекшелігін қалай ашамыз?

1.  Баланың ерік-жігері мен мінезін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу

2.  Баланың оқуына, мінез-құлқына және жасауына қарым-қатынас жасауына темпераменттің әсері. Ауру қалса да, әдет қалмайды. 

3.  Баланың даралығын темпераментіне сәйкес қалай ашуға болады?

4.  Әр баланың бірегейлігін ашудағы отбасы мен мектептің өзара әрекеті.


Баланы жастан...

Бала бойындағы 

тапқырлық пен

 эрудицияны қалай

 дамытуға болады?

1.  Ойындар – баланы дамытудың негізгі құралы.

2.  Интеллектуалды ойындар және олардың бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны дамытуға әсері.

3.  Балалар мен ата-аналарға арналған ұлттық және отбасылық интеллектуалдық ойындар.

4.  Баланың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуда отбасы мен мектептің өзара әрекеті.


Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны


Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай жеңуге болады?


1.  Компьютерлік ойындардың баланың психикасына әсері 

2.  Интернетті пайдалану режимін сақтау

3.  Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Баланы ойынға тәуелділіктен қалай қорғауға болады?

4.  Компьютерлік ойындарға балама ретінде: спорт, белсенді ойындар, шығармашылық, оқу, серуендеу, театр және т.б.


Сенім арту – жетістік кепілі


Қиын жағдайда 

баланы қалай қолдау керек?

1.  Бала өміріндегі қиындықтар

2.  Агрессия, өтірік айту, ашулану және басқа қиын жағдайлардағы баланың сезімі. Әдепті бала –  арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала

3.  Қиын жағдайға қалған балаға түсіністікпен қарау

4.  Қиын жағдайға қалған баланы қолдаудың тиімді жолдары

5.  Жағдайды шешуде баланың күшті жақтарына сүйену


Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер


1.  Отбасында уақытты бірге өткізудің пайдасы. 

2.  Ата-ананың күнделікті өмірде үлгі болатын маңызды қасиеттері.

3.  Балаға жақсы әдеттерді үйрету.

4.  Уәдесін орындау – ата-ананың ең басты қағидасы.

5.  Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі.


Тәліммен өрілген біздің дәстүр


Дәстүрлер отбасылық әл ауқаттың негізі 

ретінде

1.  Отбасылық дәстүрлердің өзектілігі. Отбасылық дәстүрлер – отбасындағы қарым-қатынасты нығайтудың, сенімнің, сүйіспеншіліктің көрінісі. 

2.  Тәрбие тәлімнен. Тату үйдің тамағы тәтті. Отбасылық дәстүрлер мен хоббилердің отбасының бірлігіне ықпалы.

3.  Отбасылық дәстүрлерді әдетке айналдыру жолдарын үйрету: практикалық әдістер.

4.  Мектеп пен ата-аналардың отбасылық дәстүрлерді сақтаудағы өзара байланысы, өзара құрмет және жаңа дәстүрлер қалыптастыру

5.  Ұлттық дәстүрлер мен отбасылық дәстүрлердің сабақтастығы