Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы
31
август
2021

Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы

Мектепішілік  жалпы ата-аналар жиналысы


Мектепте жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.Мектеп меңгерушісі Г.Жасыбаева ата-аналарға баяндама жасады.Баяндау барысында 2021 -2022 оқу жылы мектеп оқуды дәстүрлі формада,яғни штаттық форматта бастайды.Сондықтан ең алдымен Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қаулысымен таныстырды. Қаулы негізінде оқушылар санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау, педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы,мектепке кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағыбілім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу), маска режимін сақтау, педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісін (байланыссыз термометрмен термометрия) жүргізу,бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.) туралы айтып өтті. Бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады.Сонымен қатар сабақ кестесі оқушылардың бір-бірімен жанаспас үшін сыныптардың сабақтары әр түрлі уақытта басталып және аяқталады.Мектепалды даярлық сынып оқушыларын және 1-ші сыныпқа келген оқушыларды сабақ аяқталған кезде сынып жетекшілер тек ата-ананың қолына табыстап жіберу міндетті деп ескертті.Сабақтың ұзақтылығы 45 минут болып белгіленгенін ескертіп өтті.Жиналыс барысында ата аналардың ой пікірлері тыңдалды,ұсыныстар берілді. Жиналыстың хаттамасы жазылынды.