Ата-аналар жиналысының хаттамасы. І тоқсан 2021-2022 оқу жылы.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№25 бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысының
№2 хаттамасы
Арал қыстақ ауылы 29.10.2021 жыл
Қатысқаны : 21
Қатыспағаны : 6
Жиналыс төрайымы: Г.Б.Жасыбаева
Хатшы : Д.Дауелова
Күн тәртібінде:
1. Бірінші тоқсан бойынша оқушылардың білім сапасы
Мектеп меңгерушісі:Г.Жасыбаева
2.Балалардың жолда жүру ережесін қатаң сақтау мәселесі
ӘБЖ Н.Иманбаева
Тыңдалды:
1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп меңгерушісі Г.Жасыбаева ата-аналарға баяндама жасады.Баяндау барысында 2021 -2022 оқу жылының бірінші тоқсанында оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізген туралы айтты. Биылғы оқу жылы оқушылар саны жыл басында 28 болып нақтыланды.Тоқсан ішінде қозғалыс болды,атап айтқанда 1 –ші сынып оқушысы Муртазаева Айлин мектеп есебінен шығарылды,себебі аталған оқушы шет мемлекетке қоныс аударуына байланысты мектептен шықты.Оқушының шығуы туралы есеп АББ-не берілді.Сонымен бүгінгі күнде оқушылар саны 27 болып тұр.Олар 1-ші сыныпта-5,2-ші сыныпта-10,
3-ші сыныпта -5,4-ші сыныпта-7 оқушы болып бекітілді.
Оқушылардың үлгеріміне келсек,мектеп бойынша білім сапасының көрсеткіші-68,2 %,оның ішінде 2-ші сыныпта-74 %,3-ші сыныпта -60%,4-ші сыныпта -71 %. құрайды.Өткен оқу жылыныы қорытындысына қарағанда өзгеріс бар.Екінші сыныптың білім сапасына жаңадан мониторинг жасалынды, үшінші сыныпта -7%-ға төмендеген,4-ші сыныпта жылдың соңындағы көрсеткіш қайталанды,яғни өзгеріссіз.Бірақ қыркүйек айында бастапқы білім сапасын анықтағанда,сыныптардың көрсеткіштері әлде қайда төмен болған.Сонымен қатар әр сынып жетекші өз сыныптарының пәндер бойынша қорытынды бағаларын мәлімдеп,талдау жасады.
2.Екінші мәселе бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі Н.Иманбаева Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі - ең басты байлық. Сондықтан мектепте жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке орай, жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді.
Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Балалар жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Балалар үлкендердің жүріс - тұрысының жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс - тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата - ананың міндеті.
Мектепте балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында тәрбие сағаттар өткізіледі, Сондықтан әрбір бала үйретілетін «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы шараларды мұқият тыңдап, өткізілген іс - әрекеттен қорытынды жасап отыруға міндетті.Алдымызда күзгі демалыс күндері,барлық ата-аналарға ескерту жасалынды.
Сөйлегендер:
1.К.Ерназаров -3 сынып ата-анасы:
Мен баламның білім деңгейін көріп отырмын.Мен тек қана ризашылығымды білдіремін мектеп мұғалімдеріне.Үй жұмысы беріледі,тексеріледі.Үнемі кері байланыс беріп тұрады.
2.С.Джугусов -4 сынып ата-анасы:
Өз сөзінде оқушылар қауіпсіздігіне ерекше назар аударуы керек екенін айтты.Баланың білім алуы мен қатар,оның өмір қауіпсіздігіне де жауапты екенімізді ұмытпаумыз керек.Ереже сақтауды әр ата-ана үйде балаға үйретіп,ұмытпай ескертіп отырса кез келген бала дағдыланады.
Қабылданған шешім:
1.Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында ата-аналардың атқаратын жұмыстары күшейтілсін.
3.Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету,оның ішінде жолда жүру ережесін сақтау ережелерін үйрету қатаң түрде мұғалімдердің және ата-аналардың тарапынан оқушыларға үнемі жүргізілсін.
Жиналыс төрайымы: __________ Г.Жасыбаева
Хатшы: __________ Д.Дауелова