№296 бұйрық » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
28
август
2018

№296 бұйрық

"Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 шілдеде № 8588 тіркелді
• Мәтін
• Ресми жарияланым
• Информация
• Өзгерістер тарихы
• Сілтемелер
• Көшіру
• Басқа
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 (2013 жылғы 23 ақпандағы, 1 наурыздағы № 74,78 (28013, 28017) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-12 қосымшалар осы бұйрыққа 1-12 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
3) Осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министр Б. Жұмағұлов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 25 шілдедегі
№ 296 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 8 қарашадағы
№ 500 бұйрығына 1-қосымша
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің
үлгілік оқу жоспары
№ Білім салалары және оқу пәндері Сыныптар бойынша апталық сағат саны Жүктеме, сағат
1 2 3 4 Апталық Жылдық
Инварианттық компонент
I Тіл және әдебиет 8 9 11 11 39 1318
1 Сауат ашу (оқу, жазу) 7 - - - 7 231
2 Қазақ тілі - 4 4 4 12 408
3 Әдебиеттік оқу - 4 4 4 12 408
4 Орыс тілі - - 2 2 4 136
5 Шетел тілі* 1 1 1 1 4 135
II Математика 4 4 5 5 18 608
6 Математика 4 4 5 5 18 608
III Жаратылыстану 1 1 1 1 4 135
7 Дүниетану 1 1 1 1 4 135
IV Адам және қоғам 1 1 1 1 4 135
8 Өзін-өзі тану 1 1 1 1 4 135
V Өнер 2 2 2 2 8 270
9 Музыка 1 1 1 1 4 135
10 Бейнелеу өнері 1 1 1 1 4 135
VI Технология 2 2 2 2 8 270
11 Еңбекке баулу 2 2 2 2 8 270
VII Дене шынықтыру 3 3 3 3 12 405
12 Дене шынықтыру 3 3 3 3 12 405
Инварианттық оқу жүктемесі 21 22 25 25 93 3141
Вариативтік компонент
Мектеп компоненті
Таңдауы бойынша сабақтар 2 2 3 3 10 338
Оқушы компоненті
Жеке және топтық консультациялар, дамытушылық сипаттағы сабақтар 1 1 1 1 4 135
Вариативтік оқу жүктемесі 3 3 4 4 14 473
Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі 24 25 29 29 107 3614
Ескерту:
*Шетел тілі 2013-2014 оқу жылында 1 - сыныпқа, 2014-2015 оқу жылында 2 - сыныпқа, 2015-2016 оқу жылында 3 - сыныпқа, 2016-2017 оқу жылында 4 - сыныпқа енгізіледі.
«Шетел тілі» пәні енгізілгенге дейін оған бөлінген оқу жүктемесі «Дүниетану» пәнін оқуға беріледі.