22 наурыз мерекесіне арналған іс-шара » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » 22 наурыз мерекесіне арналған іс-шара
20
март
2019

22 наурыз мерекесіне арналған іс-шара

№25 бастауыш мектепте Наурыз мерекесіне арналған іс-шара туралы мәлімет
Мектептің мерекелік тақырыпқа сай безендірілген спортзалында оқушылар,ата-аналар және мұғалімдер жиналып бағдарлама жүргізушісі бастауыш сынып мұғалімі Сахова Шарапат «Армысың,әз Наурыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат сұрап,ертеңгілік басын бата алудан бастады.Батаны 2 сынып оқушысы Сулиев Левент берді.Бірінші құттықтау сөзді мектеп меңгерушісі Жасыбаева Галия Баймахановна айтып,ертеңгілікті ашық деп жариялады.Әр сынып кезегімен дайындаған тақпақтарын,әсем әндерін,тартымды билерін көрермендер алдына көрсетті.Атап айтқанда Темірбек Аяна «Аяулы ана « әні, 1 сынып оқушыларының «Гүлдер биі», 3сынып оқушыларын «Үнді биі» биі, Алиев Давранның орындауында «Наурыз көктем» әні, 4сынып оқушыларының «Лезгинка» биі қатысушылар мен көрермендердің көңілігнен шықты.
Мерекелік іс-шара соңында ата-аналардың қатысуымен ұлттық ойындар «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Аударыспақ» ойындарынан көрініс көрсетілуімен жалғасты.Белсене қатысқан ата-аналарға алғыс айтылып,ертеңгілік соңында ата-аналарға тілек білдіру сөзі берілді.
Мектептің асханасында 4 сынып ата-аналарының дайындаған наурыз көжесі барлық оқушыларға,мұғалімдерге және ата-аналарға берілді.


22 наурыз мерекесіне арналған іс-шара
22 наурыз мерекесіне арналған іс-шара
22 наурыз мерекесіне арналған іс-шара