"Қазақстанның Тәуелсіздігі Тұғырым" » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » "Қазақстанның Тәуелсіздігі Тұғырым"
20
декабрь
2022

"Қазақстанның Тәуелсіздігі Тұғырым"

2 сынып

Мақсаты:

-Школьникам қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. 

-Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.

-Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

-Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Өз елін,жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.


 Бүгінгі тәрбие сағатымызда осындай сөзжұмбақтар шешілді.
1) Елордамыз Астананың көрнекті орны, Астана нышаны.(Бәйтерек)
2) Жиындарда орындалатын салтанатты әуен. (әнұран)
3) Әр елдің мемлекеттік нышаны. (ту)
4) Көк байрағымыздың авторы. (Ш. Ниязбеков)
5) Қазақстанның бұрынғы астанасы. (Алматы)
6) Қазақстанның қазіргі елордасы (Астана)
7) Елтаңба авторы. (Ж. Мәлібеков)
8) Қазақстанның тұңғыш президенті. (Назарбаев)

9) ШҚО әкімі (Даниал Ахметов)
10) Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады? («Жеті жарғы»)
11) Кіші жүздің биін ата? (Әйтеке би)
 "Тәуелсіздік"деген сөз шықты


Тәуелсіздік жайлы өлең жолдары оқылды.


Қарақат
Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді. 
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді. 

- «Ата – бабаларымыз аңсаған азатттық пен тәуелсіздікті алдық. Негізгі мәселе соны ертеңгі, келесі ұрпаққа, болашаққа, Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» деген болатын Елбасымыз. Дана халқымыздың «Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады» деп атағандай, қиялынан қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар сендерсіңдер. Әрқайсысыңның жүрегің елім деп соғады, олай болса елге, жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін, халқымыз үшін қызмет етуге барлығымыз міндеттіміз дегім келеді сабақ соңында.