О нас » Страница 13 » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Наурыз мерекесіне арналған іс-шара
17
март
2023
Наурыз мерекесіне арналған іс-шара
Ағымды жылдың 17 наурыз күні Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өткізілді.Бағдарлама жоспарына енгізілген концерттік көрсетілімдер,оқушылар арасында ұлттық ойындар,ата-аналармен түрлі ойындар толық жүзеге асырылды.4-ші сынып ата-аналарының ұйымдастыруымен оушыларға мерекелік дастархан жайылып,наурыз көже таратылды.
"Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!"
15
март
2023
"Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!"
Мақсаты: Школьникам Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.  Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнеріне баулу.  
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні "Анашым менің, анашым!"
08
март
2023
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні "Анашым менің, анашым!"
Мақсаты:Оқушыларды Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау. Оқушыларды білімге, адамгершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке ,ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
8 Наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарлама
07
март
2023
8 Наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарлама
Мектепте 7 наурыз күні сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен аяулы аналарға арналған концерттік бағдарлама дайындалып мерекелік іс-шара өткізілді.Мерекелік іс-шараға барлық оқушылардың аналары,әжелері шақырылып,музыкалық сәлемдемелер мен оқушылардың би өнерлері тамашаланды.Концерттің соңында балалардың өз қолымен жасалған гүл шоқтары аналарға сыйға тартылды.
1 Наурыз-Алғыс айту күні
01
март
2023
1 Наурыз-Алғыс айту күні
Мектепте Алғыс айту күніне арналған тәрбие сағаттары өткізілді.
Республикалық "Мұқағали-мәңгілік жыр" атты Мұқағали оқулары байқауының жеңімпаздары-
01
март
2023
Республикалық "Мұқағали-мәңгілік жыр" атты Мұқағали оқулары
"Алтын білім кілті" әдістемелік ғылыми-зерттеу орталығының қолдауымен Республика көлемінде "Zeyindi bala" балалар шығармашылығын дамыту мақсатында 2023 жылдың 7-20 ақпан аралығында ұйымдастырылған Республикалық "Мұқағали- мәңгілік жыр" атты Мұқағали оқулары байқауына қатысып,жүлделі орынға ие болғаны үшін мектеп оқушылары марапатталды. 1-ші сынып оқушылары:Ханаев Хасан,Алмахан Қарақат,Лесбек Еркемай; 2-ші сынып оқушылары:Алпысбай Қарақат,Темірбек Айсұлу,Елубай Айару; Мектепалды даярлық сынып
1  наурыз - Алғыс айту күні
01
март
2023
1 наурыз - Алғыс айту күні
1 сынып Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: – ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; – үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынасын дамыту; – әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Жас маманмен жұмыс
28
февраль
2023
Жас маманмен жұмыс
Жас мaманмен жұмыс - жaс маманның кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстардың бірі. Білім беруде нәтижеге жету оңай жұмыс емес. Білім беру міндеті білім сaпасын көтеруді мақсат етіп қояды. Педагог алға қойған мaқсатқа жету үшін үнемі шығармашылықпен жұмыс жасап, педагогикалық құзыреттілігін дaмытып отыруы қажет. Мектептің жас маманы Б.Алдебаевамен педагогикалық шеберлігін шыңдау арқылы өз мамандығына деген сүйіспеншілігін ояту, өз кәсібіне
"Кім тапқыр?" Жұмбақ шешіп, тыйым сөздер мен жаңылтпаш айтып жарысайық
22
февраль
2023
"Кім тапқыр?" Жұмбақ шешіп, тыйым сөздер мен жаңылтпаш айтып жарысайық
Мақсаты: Оқушылардың білімге талпынуын, ойлау қабілетін дамыта отырып сыныптың ең білімді де білікті, тапқыр әрі епті баланы анықтау. Балаларды жан-жақты болуға тәрбиелеу
Республикалық "Абай оқулары" конкурсының жеңімпаздары-4-ші сынып оқушылары
22
февраль
2023
Республикалық "Абай оқулары" конкурсының жеңімпаздары-4-ші сынып
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сүйене отырып, "Akberen Education" - Ақберен республикалық танымдық шығармашылық журналы ұйымдастырған 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы Республикалық "Абай оқулары" конкурсына қатысып,жүлделі ІІ орынға ие болған үшін төртінші сынып оқушылары Гамал Жақсылық,Әбілқасынұлы Ақылжан,Қуанышбекұлы Ермухан,Лесбек Қуаныш Дипломдармен марапатталды.Дайындаған сынып жетекшісі:Иманбаева Нагима Достаевна.