О нас » Страница 20 » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
М.Әуезовтың 125 жылдығына орай 3-сыныпта тәрбие сағаты өткізілді.
05
октябрь
2022
М.Әуезовтың 125 жылдығына орай 3-сыныпта тәрбие сағаты өткізілді.
         М.Әуезовтың 125 жылдығына орай 3-сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді.Сабақ мақсаты:білім алушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Абай мен Мұхтартануға бағыттап, ізденімпаздығын арттыру болып табылды.Дайындалған слайд арқылы балаларға М.Әуезов туралы мағлұмат берілді. Оқушылар "Көксерек" шығармасынан сұрақтарға жауап бере білді,сабақ соңында постерлерін қорғады.
"Ұстаз аты — биік, әрі мәңгілік"
04
октябрь
2022
"Ұстаз аты — биік, әрі мәңгілік"
2 сынып Тәрбие сағатының мақсаты: Ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырығы, оқу — инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынысын оқушылырға түсіндіру. Алпысбай Қарақат «Ұстаз-ана" әнін орындап шықты. Оқушылар тақпақтарын мәнерлеп оқып шықты.
Көше күтпеген оқиғаларға толы.
28
сентябрь
2022
Көше күтпеген оқиғаларға толы.
1 сынып  Мақсаты: Жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту (көше, бұрылыстар). Баланы зейінді епті болуға тәрбиелеу. Көшеде жүру ережесі, көше қиылысы, бағдаршам, жол белгілері, қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері туралы білімдерін бекіту.
«Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
28
сентябрь
2022
«Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы» тақырыбында тәрбие сағаты
Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.  Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту мақсатында 3-сынып оқушыларымен тәрбие сабағы өткізілді.Сабақ барысында "Миға шабуыл" әдісі арқылы тірек сөздерді пайдаланып,сұрақтарға жауап берді.
Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы.
27
сентябрь
2022
Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы.
2 сынып Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы. Мақсаты: 1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. 2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу 3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту
"Ұлттың ұлы ұстазы"Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы
21
сентябрь
2022
"Ұлттың ұлы ұстазы"Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы
1 сынып Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу
«Ана тілім ажарым- асыл мұрам» тәрбие сағаты өткізілді
21
сентябрь
2022
«Ана тілім ажарым- асыл мұрам» тәрбие сағаты өткізілді
Оқушылардың өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту мақсатында 3-сыныпта тәрбие сағаты өткізілді.  Сабақ барысында тақырып презентация  арқылы түсіндірілді.Сонымен қатар оқушылар 3 топқа бөлініп дайындаған өлең шумақтарын айта білді. «Адасқан сөздер» ойыны арқылы 
"Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы"
20
сентябрь
2022
"Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы"
2 сынып Мақсаты:     Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу.     Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін , рухани жан дүиесін байыту. Ойын ашық білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.     Әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, оқушыларды елін сүюге, әдебиетті білуге тәрбиелеу.
"Тіл - татулық тірегі!"
14
сентябрь
2022
"Тіл - татулық тірегі!"
1 сынып Мақсаты:Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.  
«Жол  қауіпсіздігін сақтаймыз!»
13
сентябрь
2022
«Жол қауіпсіздігін сақтаймыз!»
Жолда жүру ережесі 2 сынып. 13.09.2022 жыл Сабақтың тақырыбы: «Жол қауіпсіздігін сақтаймыз!» Сабақтың мақсаты:  1. Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру. 2. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу. 3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.