Мектепте оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының отырысы » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Мектепте оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының отырысы
30
октябрь
2019

Мектепте оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының отырысы

Хаттама №1

 Арал қыстақ ауылы                                                                                          30.10.2019 жылы                                                          

Мектепте оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг

 жүргізу комиссиясының отырысы


Қатысқаны:3

Қатыспағаны:жоқ


Күн тәртібінде:

   1. Питаниедың сапасына мониторинг жүргізу комиссия жұмысының 2019-2020 оқу жыл  ның І тоқсан бойынша қорытындысы.

Тыңдалды:

1. Г.Б.Жасыбаева –комиссия төрайымы:

2019-2020 оқу жылында мектепте 34 оқушы білім алуда.Мемлекеттік әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан 9 оқушыларға мектепте тегін тамақтандыру ұйымдастырылған.Калған 25 оқушы ата-аналар есебінен тамақтанылады.

    Питаниедың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия және бракераж комиссия  мүшелері құрылған. 

 Тамақтың сапасына, санитарлық талаптарға сай болуына Арал қыстақ бөлімшесінің медбикесі Т.Адамбековаға жауапкершілік жүктелінді.Шикі және даяр азық-түлікпен қамтамасыз ету ата-аналар құрамынан құрылған комиссия мүшелеріне жүктелді.Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 2019-2020 оқу жылына жылдық жоспар   құрылған.

     Ата-ана есебінен бір мезгіл тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша комиссия мүшелері мектеп оқушыларының денсаулық жағдайына назар аудара отырып,  балалардың тамақтандырумен қамтылуына  ай сайын атап айтқанда І тоқсан бойынша екі рет тексеріліп, мониторинг жүргізіліп,қорытынды ақпараты жасалынған. 

    Мектептегі мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының жұмыс кестесі құрылған: оның ішінде асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеру бойынша ақпарат жинақталған, тамақтандыру бойынша комиссияның   отырысының хаттамалары тіркеп отыру және асханада кезекшілік ету кестесі көрсетілген.

Комиссия мүшелері ай сайын келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясы,тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығына,мектеп асханасында азық-түлік, дайын тағамдарды сақтау мерзімі мен шарттарының сақталуына мониторинг жүргізілді.

Сөйледі:

Г. Суранчиева – комиссия мүшесі:

Мектеп асханасы  18 оқушыға есептелген.Тамақтану алдында үстелдерді асхана қызметкері жабады.Школьникам қол жууға арналған асхана үй-жайына раковиналармен жабдықталған.Асхана мен ас бөлімінің санитариялық жағдайы санитарлық-гигиеналық мөлшемдерге сәйкес келеді.Мектепте медбике штаты қарастырылмаған.Сондықтан қажетіне қарай   Арал қыстақ ауылдық амбулаториялық пунктінің медбикесі Т.Адамбекова дайын тағамдардың сапасын  органолептикалық бағалайды,сонымен қатар аспаздық тағамдар сапасын органолептикалық бағалау журналына жазып отырады.

     Күн сайын асханаға мектеп басшысы бекіткен ас мәзірі ілінеді,онда тағам атауы,әр тағамның шығу мөлшері көрсетіледі.Ас бөлімінде аспазшы А.Бидасбаева дайын тағамдардың тәулік сынамасын алады.Питание бір аусымда ұйымдастырылады.Преподаватели тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған,кестесі жасалынған.

Асхананы жалға алушы Т.Карабаев өз уақытында азық-түліктерді жеткізеді.Тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар бракераж журналына енгізіп отырады. Алайда екінші және үшінші айға жеткізілген азық түліктеріне растау қағазын (накладная) бермеген.Зерделеу кезінде жабдықтар жарамды күйде болды.Асханаға әкелінген азық-түліктер мерзімінен өтіп кеткені анықталған жоқ.

    Ата-ана есебінен тамақтанатын оқушылар 100 пайыз қамтылмағаны анықталды.Атап айтқанда 24 оқушыдан осы күні 18 бала ғана тамақтанды.

Қорытындылар мен ұсыныстар:

Асхананың санитариялық-гигиеналық жағдайы ,жеткізілетін өнімдердің сапасы нормаларға сәйкес келеді.Тоңазытқыш-технологиялық жабдықтар жарамды.Азық-түлік пен дайын тағамдарды сақтау мерзімі мен шарттары сақталған.

    Шешім:

         Оқушылардың тамақтану сапасына ай сайын мониторинг жүргізу және тоқсан сайын мектеп сайтына салу.



                                    Хатшы:                                          Г. Суранчиева.