1–4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН САБАҚ №2
Мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сай "Білімдіге дүние жарық. Танып білу қуанышы: сүйсініп оқу" тақырыбында сабақ өткізілді
Сабақтың мақсаты: мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. ата-аналарды отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы орта құруға ынталандыру;
2. баланың мектепке бейімделуінің мәні мен ерекшеліктерімен таныстыру;
3. бастауыш сынып оқушыларының танымдық дағдыларының ерекшеліктерімен таныстыру;
4. баланың танымдық дағдыларын дамыту үшін диагностиканы, тренингтерді, жаттығуларды практикада қолдану дағдыларын дамыту.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
Ынтымақтастық, ата-ана борышы, құрмет, жаңалық, білмекке құмарлық, креативтілік, прагматизм, эвристикалық, еркіндік.