Сыңғырла,алғашқы қоңырау! » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыңғырла,алғашқы қоңырау!
01
сентябрь
2018

Сыңғырла,алғашқы қоңырау!

№ 25 бастауыш мектебінде «Сыңғырла ,алғашқы қоңырау!»
атты мерекелік бағдарламаның өткізу туралы мәлімет

Андас батыр ауылдық округіне қарасты Арал қыстақ ауылында 2018 жылдың 1 қыркүйек- Білім күніне арналған «Сыңғырла ,алғашқы қоңырау!» атты мерекелік бағдарлама дайындалып,өз деңгейінде өткізілді. Мектебіміздің аталған мерекелік іс-шараға Андас батыр ауылдық округі әкімшілігінің маманы Исатаева Сарсен ,ата-аналар және ауыл тұрғындары қатысты.
Қазіргі заман талабына сай соғылған жаңа мектептің материалдық базасы мемлекеттік стандарты бойынша оқушыларға білім беруге толық мүмкіншілік береді.Мектептің сыйымдылығы 50 бала ,бүгінгі күні 1-4 сыныптарында 39 оқушы,мектепалды даярлық сыныбында -6оқушы,барлығы -45 оқушы білім мен тәрбие алуда.
1 қыркүйек –«Білім күні» мерекелік бағдарлама «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің рөлі» тақырыбында жасалынды.Жүргізуші бастауыш сынып мұғалімі Алметова Алия мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндерге құттықтау сөз айтып сынып жетекшісі Ерназарова Самалмен бірге ортаға шақырды.Барлық сынып оқушылары түгел болғаннан кейін ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалды.
Алғашқы құттықтау сөз мектеп меңгерушісі Жасыбаева Галия Баймахановнаға берілді.Құттықтау сөзінде 1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді деп атап өтті.Бірінші сыныпқа жаңадан келген оқушыларға «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шық» дей отырып, сабағың «4» пен «5»-ке оқуын тіледі. Ата-анаңның мейірім-шапағатына бөленіп, жарқыраған алтыны, еркетай елігі, ақ сәуле шашқан арайы болып, аман-есен жүрсін. Барлық ізгі армандары орындалып, өмір жолы ашық, болашағы жарқын болып, егеменді еліміздің де білікті Азаматы болып өсе берсін деген тілек білдірді.Бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының ән орындау және би билеуөнерлерімен тамашаланды.Атап айтқанда 2 сынып оқушысы Темірбек Аянаның орындауында «Оқуда озат боламын», 3 сынып оқушысы Алпысбай Санжардың орындауында «Сәлем бердім баршаңа!» ,Алиев Давранның орындауында «Алға,Қазақстан!» әні орындалды.Қонцерттік бөлімін 4 сынып оқушыларының «Шаттық» әсем биімен аяқталды.
Алғашқы қоңырау соғу рәсімі құрметпен Садыков Махмуд пен Лесбек Аяулымға берілді.
Әр сыныпта «Рухани жаңғыру:Мен- елімнің ертеңімін!» тақырыбында оқушыларды Отансүйгіштікке,рухани-адамгершілік тәрбие бағытының аясында патриотизмді қалыптастыру мақсатында алғашқы тәрбие сағаттары өткізілді.

Орындаған:Г.Б.Жасыбаева –мектеп меңгерушісі

Тел:87029039322

Сыңғырла,алғашқы қоңырау!
Сыңғырла,алғашқы қоңырау!
Сыңғырла,алғашқы қоңырау!