8 наурыз мерекесіне іс-шара » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 наурыз мерекесіне іс-шара
07
март
2019

8 наурыз мерекесіне іс-шара

№25 бастауыш мектебінің 8 наурыз –Әйелдер күніне
арналған іс-шара туралы
мәлімет
Арал қыстақ ауылындағы №25 бастауыш мектебінде 8 наурыз –Әйелдер мерекесі күніне арналған «Ана-өмірдің шуағы» атты мерекелік іс-шара өткізілді.Аталған іс-шараға Андас батыр ауылдық округінің маманы Исатаева Сарсен Арал қыстақ ауылының тұрғындары қатысты.Сонымен қатар ата-аналар мен мектеп қызметкерлері де мерекелік концерттің куәгерлері болды.
Бағдарлама барысында жүргізуші Алметова Алия, мерекелік бағдарламаға келген қонақтарды,ата-аналарды ,мектеп ұжымын құттықтау сөзін айтып, ашық- деп жариялады.
Мектептің бастауыш сынып оқушыларының ана туралы айтқан өлең шумақтары ,неше түрлі көңілді билері ,атап айтқанда 4 сынып оқушыларының «Әжелер биі » ,2 сынып оқушыларының «Көктемгі вальс» биі, мектепалды даярлық сыныбының кішкентай бүлдіршіндердің «Кемпірқосақ» биі,3 сынып оқушыларының «Жастар» биі, осы сынып қыздарының «Көктем» атты билері,мектебіміздің әнші ұлдары Сулиев Левент пен Алпысбай Санжардың орындауындағы ана туралы әсем әндері көрермендердің де шақырылған қонақтардың да көңілінен шықты. Концерттік бағдарлама барлық қатысушылардың орындауында «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқталды.
Келесі сөз кезегі ата-аналарға берілді.Ата-аналар мұғалімдерді,мектеп қызметкерлерінің әйелдер қаумын көктем мерекесімен құттықтай отыра,алғыстарын білдірді. Қорытындысын мектеп меңгерушісі Г.Жасыбаеваға жасады.Барлық жиналған қонақтарды,оқушыларды ,ата-аналарды және мектеп ұжымын мереке күнімен құттықтап,ізгі тілегін білдіртіп, барлық сынып оқушыларының аналарына құттықтау қағазын тапсырды.

№25 бастауыш мектебінің меңгерушісі: Г.Жасыбаева



8 наурыз мерекесіне іс-шара
8 наурыз мерекесіне іс-шара
8 наурыз мерекесіне іс-шара