Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік апталығы өткізілді
2022 жылдың қараша айының 28 қараша мен 05 желтоқсан аралығында бастауыш сынып бірлестігінің«Баспалдағы білімнің,бастауыштан басталған...» атты апталығы өтті.
Апталықтың мақсаты: «Жаңартылған білім беру жағдайында инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту,оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани-адамгершілік, эмоционалдық және көңіл күйлерін дамыта отырып,алған білімдерін өмірде қолдануға баулу».
Апталық бекітілген жоспар бойынша өткізілді.
28 қараша – 05 желтоқсан аралығында 1-4 сыныптарда ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.30 қарашада 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Тапқыр болсаң озып көр!» атты интеллектуалдық ойын сайысы өткізілді. Сайысқа 12 оқушы екі топқа бөлініп қатысты.білім алушылардыңжауаптары белгіленген критерийлер бойынша бағаланып отырды. Нәтижесінде әділқазылар шешімі бойынша 4 сынып оқушылары жүлделі орынға ие болды.Апталықтың соңында осы оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Бастауыш сынып апталығы жоспар бойынша жүргізілді. Ашық сабақтар жаңартылған білім беру бағдарламасына сай құрылып өткізілді. Әрбір өткізген сабаққа талдау жасалып, жағымды жақтары мен кемшілік тұстары айтылды,ұсыныстар берілді. Мектеп әкімшілігі тарапынан апталықтың өтілу барысы жақсы деп бағаланды.

