«Аттестаттау және біліктілік санаттарын беру рәсімін өткізу, 2021 жылы білім беру ұйымдары педагогтерінің ұлттық біліктілік тестілеуін ұйымдастыру және өткізу туралы» 29.01.2021 №41 бұйрық
Бұйрыққа қосымша
Педагогтердің аттестациядан өту қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді аттестаттаудан өткізу тәртібін, сонымен қатар, педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) рәсімінайқындайды.
- Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) апелляция - педагогтің сұрау салуы бойынша ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижелерін қайта қарау рәсімі;
2) аттестаттау - педагогтің кәсіби қызметіне қажетті кәсіби құзыреттерін айқындайтын біліктілік санатын беру (растау) жөніндегі рәсім;
3) аттестаттау комиссиясы - педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізетін уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі - комиссия);
4) апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – республикалық апелляциялық комиссия) – педагогтер ұлттық біліктілік тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда даулы мәселелер бойынша шешім қабылдайтын білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия;
5) біліктілік санаты – кәсіби құзыреттер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келетін педагогтің кәсіби біліктілік деңгейі;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен немесе өтініш жасамай жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
8) педагог - тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіптік қызметін жүзеге асыратын, «Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығына сәйкес көрсетілген лауазымдарды атқаратын тұлға (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 сәуірде № 20400 болып тіркелді);
9) Ұлттық біліктілік тестілеуі (бұдан әрі – біліктілік тестілеу) – білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тестілер бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;
10) аттестатталушы – осы Қағидаларға және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларына сәйкес біліктілік санатын беруге (растауға) үміткер тұлға;
11) біліктілікті бағалау – осы Қағидаларға және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларына сәйкес аттестатталушы адамның біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі;
12) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық қорытындылау – осы аттестатталушы адамның жетістіктерінің біліктілік талаптарының деңгейіне сәйкестігін бағалау рәсімі;
13) аттестаттау кезеңі – күнтізбелік жылдағы (қаңтар-мамыр, тамыз-желтоқсан) уақыт аралығы, осы уақыт ішінде аттестатталушы біліктілік тестілеуін тапсыруға өтініш береді, біліктілік бағалаудан өтеді, аттестаттау комиссиясына біліктілік санатын беру (растау) туралы өтініш береді.
2-тарау. Педагогтерді аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттары
3. Біліктілік тестілеу осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес дипломда көрсетілген мамандық бойынша немесе негізгі лауазым бойынша аттестатталушының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығында (бұдан әрі - ҰБО) жүзеге асырылады.
4. Педагог біліктілік санаттарын беруге (растауға) арналған өтінішті Біліктілік тестілеуінен өткеннен кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясына береді.
5. Аттестаттау келесі кезеңдерді қамтиды:
педагогтер үшін:
1) ұлттық біліктілік тестілеу;
2) біліктілікті бағалау;
3) «Педагогтарға біліктілік санаттарын беру (растау) ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығына сәйкес іс-шаралар нәтижелерінің кешенді талдамалық қорытындысы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20618 тіркелген);
білім беру ұйымдары басшыларының, басшы орынбасарлары мен әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлер үшін:
1) біліктілікті бағалау;
2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық қорытындылау;
3) қызмет нәтижелерін көрсете отырып, аттестаттау комиссиясының отырысында сұхбат жүргізу (өзін-өзі бағалау мен комиссияның бағалауы сәйкес келмеген жағдайларда);
білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін:
1) ұлттық біліктілік тестілеу;
2) біліктілікті бағалау;
3) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық қорытындылау;
4) аттестаттау комиссиясының отырысында қызметтің нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу (өзін-өзі бағалау мен комиссияның бағасы сәйкес келмеген жағдайда).
6. Педагогтарды аттестаттау «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес бес жылда кемінде бір рет, білім беру ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарлары үш жылда бір рет өткізіледі.
7. Аттестаттау кезінде - біліктілік санатын беру (растау) - педагог біліктілік талаптарына сәйкес біліктілік санаты үшін өту мерзімдері мен санат кезектілігін сақтай отырып, өтініш береді.
8. Мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш – біліктілік санатын беру, басшы немесе орынбасарды мерзімінен бұрын аттестаттауды қоспағанда, педагог осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен, осы Қағидалардың
3-қосымшаға сәйкес, кем дегенде, соңғы екі жылдағы қызметтің тиісті нәтижелері болған жағдайда облыстың аттестаттау комиссиясына ұсынады.
9. Педагогтердің біліктілігін бағалауды білім беру ұйымдары жүзеге асырады. Біліктілікті бағалауға педагогтердің біліктілік санаттарын беруге (растауға) қойылатын талаптарға сәйкестікке құжаттарды тексеру кіреді.
10. Педагогтер Біліктілік тестілеуден электронды түрде ҰТО-да немесе ол белгілеген ұйымда өтеді.
11. Педагогтің өтінішін ҰТО немесе ол белгілеген ұйым дерекқорына енгізгеннен кейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің жеке кабинетіне тестілеуге рұқсаттаманы жолдайды.
12. Біліктілік тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтаған мерзімде педагог өтінішіне сәйкес жүзеге асырылады.
13. Біліктілік тестілеуден өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (мемлекеттік, орыс), күнін, уақытын таңдайды және Біліктілік тестілеуін өткізу нұсқаулығымен танысады.
14. Біліктілік тестілеу:
педагог:
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – ақысыз;
қайта күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – ақылы негізде тиісті күнтізбелік жылға сәйкес 1 (бір) айлық есептік көрсеткішінен (бұдан әрі - АЕК) аспайтын мөлшерде;
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш берген педагогтер үшін – ақысыз;
сынақ (педагогтің қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде 0,5 АЕК-тен аспайтын мөлшерде;
педагогикалық бағыттар бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының кемінде 200 академиялық кредитті игерген білім алушылары:
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – тегін;
педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітірген түлектер:
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – тегін;
білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) басшылары күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – ақысыз;
күнтізбелік жыл ішінде қайта 1 (бір) рет – ақылы негізде тиісті күнтізбелік жылға сәйкес 1 (бір) АЕК-тен аспайтын мөлшерде;
сынақ (білім беру ұйымы мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының өтініші бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде 0,5 АЕК-тен аспайтын мөлшерде.
15. Егер педагог (білім беру ұйымы мен әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы) біліктілік санаттарын беруге (растауға) кезекті аттестаттауға өтініш берілген санатқа балл жинамаған жағдайда, аттестаттау кезеңінде қаңтар-мамыр (тамыз - желтоқсан) біліктілік санаты оның мерзімі өткенге дейін сақталады, одан әрі біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі. Бұл біліктілік санаты келесі аттестаттау кезеңіне дейін сақталады тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр).
Келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңінде мұғалім (білім беру ұйымының (әдістемелік кабинет (орталық) басшысы) біліктілік санатының талаптарына сәйкес біліктілік санатын тағайындау (растау) үшін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясына өтініш береді.
16. Егер педагог (білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы) аттестаттау кезеңінде біліктілік санаттарын беруге (растауға) кезекті тамыз-желтоқсан (қаңтар – мамыр) аттестаттау мерзімінде өтініш бермеген жағдайда, біліктілік санаты бір деңгейге төмендейді. Осы біліктілік санаты келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңіне дейін сақталады.
Келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңінде педагог (білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы) біліктілік талаптарына сәйкес санатты беру (растау) үшін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясына өтініш береді.
17. Егер педагог (білім беру ұйымының басшысы) тамыз-желтоқсан (қаңтар – мамыр) аттестаттау кезеңінде біліктілік санаттарын беруге (растауға) кезекті аттестаттау мерзімінде өтініш бермеген жағдайда, біліктілік санаты бір деңгейге төмен түседі. Осы біліктілік санаты келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңіне дейін сақталады.
Келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңінде педагог (білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы) біліктілік талаптарына сәйкес санатты беру (растау) үшін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясына өтініш береді.
18. Біліктілік тестілеу кезінде тестілеуді өткізу Қағидаларын бұзған немесе тыйым салынған затты анықтаған жағдайда педагог (білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы) бес жыл мерзімге аттестаттаудан өту құқығынан айырылады (білім беру ұйымының басшылары – үш жылға). Педагогтің қолданыстағы біліктілік санаты «педагог» біліктілік санатына дейін төмендейді (басшылар – «білім беру ұйымының басшысы» біліктілік санатына);
19. Педагогикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітірген, оның ішінде «үздік» бітірген түлектер Біліктілік тестілеуден сәтті өткеннен кейін жұмысқа қабылданады. Осы түлектер үшін «педагог» біліктілік санатын білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы тиісті аттестаттау кезеңінде, төрт немесе үш айдан кейін, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жалпылау кезеңінен өткеннен кейін беріледі.
20. Біліктілік тестілеу келесі тест тапсырмаларынан тұрады:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:
«Мектепке дейінгі педагогика және психология» - отыз тапсырма;
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
2) бастауыш сынып педагогтері келесі пәндер бойынша тест тапсырады:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Оқу пәнінің мазмұны» (қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі бойынша), әдебиеттік оқу, математика) - жетпіс тапсырма;
3) негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Оқу пәнінің мазмұны» - жетпіс тапсырма;
4) қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Психология негіздері» - отыз тапсырма;
5) мектеп-интернаттардың, жатақханалардың тәрбиешілері үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Психология негіздері» - отыз тапсырма;
6) арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Психология негіздері» - отыз тапсырма;
7) арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
«Арнайы педагогика және оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Оқу пәнінің мазмұны» - отыз тапсырма;
8) білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдескерлерінен басқа) үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Оқу пәнінің мазмұны» - жетпіс тапсырма;
9) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін:
Жалпы білім беретін пән мұғалімдері:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Оқу пәнінің мазмұны» - жетпіс тапсырма;
Арнайы, әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушылары:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Қызмет бағыты бойынша» - жетпіс тапсырма;
Өндірістік оқыту шеберлері:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
Басқа лауазымдардың педагогтері үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Психология негіздері» - отыз тапсырма;
10) таңдау бойынша дене шынықтыру мұғалімдері үшін:
1) «оқу пәнінің мазмұны» - жетпіс тапсырма;
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
2) «Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
Тиісті уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларына сәйкес (білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым жүргізеді) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілері.
11) Педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері үшін, сондай-ақ кемінде 200 академиялық кредитті игерген педагогикалық бағыттар бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін:
«Оқу пәнінің мазмұны және бағдарламалау» - жетпіс тапсырма;
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
12) білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшылары үшін:
«Заңнамаларды білу» бағыты бойынша – 80 (сексен) тапсырма:
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі - 20 (жиырма) тапсырма;
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі - 20 (жиырма) тапсырма;
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 20 (жиырма) тапсырма;
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10 (он) тапсырма;
«Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10 (он) сұрақ;
«Басқару құзыреттері» бағыты бойынша - 20 (жиырма) тапсырма.
21. Біліктілік тестілеудің жалпы уақыты екі жүз он минутты, «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін екі жүз қырық минутты, «Мектепке дейінгі білім беру» және «Қосымша білім беру» бағыттары үшін жүз жиырма минутты құрайды.
22. Біліктілік тестілеуді өткізу операторы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҰТО немесе ол белгілеген ұйым болып табылады.
23. Педагогтерді Біліктілік тестілеуден өткізу үшін ҰТО тест тапсырмаларының базасын әзірлейді.
24. Аудиторияға ұлттық біліктілік тестілеуін өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін және әрбір педагогтің өткізу пункттеріндегі орны бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
25. Заттарды табу және аудиторияда өзін-өзі ұстау ережесін бұзған педагогті аудиториядан шығару, немесе тестілеуде жалған тұлғаны анықтаған жағдайда осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша акті жасалады.
26. Бейнежазбаны қарау кезінде тапсыру мерзіміне қарамастан тестілеуді өткізу ережелерін бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, акт жасалады және нәтижелері жойылады, ал берілген біліктілік санаты тиісті деңгейдегі комиссиямен «педагог» біліктілік санатына дейін төмендетіледі.
27. Педагог тестілеу өткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде оның жеке басын тану технологиясын пайдалана отырып сәйкестендіру немесе жеке басын куәландыратын құжат және рұқсаттама негізінде сәйкестендіру жүргізіледі.
28. Біліктілік тестілеуді өткізу кезінде аудиториядан кезекшінің рұқсатынсыз және ілесіп жүруінсіз шығуға, бір-бірімен сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға орын ауыстыруға, материалдармен алмасуға, аудиториядан материалдарды алып шығуға, аудиторияға заттарды (оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, цифрлық смарт-аппаратураны) кіргізуге және пайдалануға жол берілмейді.
29. Отырғызғаннан кейін тестілеу басталғанға дейін тестілеу кезінде мінез-құлық қағидалары бойынша нұсқама жүргізіледі.
30. Тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:
1) ұсынылған бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдайтын тапсырмалар үшін бір балл, қалған жағдайларда нөл балл беріледі;
2) ұсынылған нұсқадан бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен тапсырмалар үшін:
барлық дұрыс жауаптар үшін - екі балл;
жіберілген бір қате үшін - бір балл;
екі және одан да көп қателіктер үшін - нөл балл.
31. ҰТО немесе ол белгілеген ұйым педагогтердің деректер базасын қалыптастырады (өтініштерді қабылдау, ақпараттандыру үшін дербес деректерді енгізу: ЖСН, Т.А.Ә. (болған жағдайда), мәлімделген біліктілік санаты, тапсыру тілі, жұмыс орны, пәні).
32. ҰТО немесе ол белгілеген ұйым бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауды, өтініштерді қабылдау, тестілеуді өткізу кезеңінде, апелляциялық рәсімдер кезінде оның жұмысын; тестілеу аяқталғаннан кейін оның нәтижелерін өңдеуді және беруді; апелляцияны жүргізуді және апелляцияны ескере отырып нәтижелерді беруді жүргізеді.
33. Біліктілік тестілеуді өткізуге жауапты ҰТО немесе ол белгілеген ұйым мыналарды жүзеге асырады:
1) компьютерлік кабинеттерді дайындау;
2) компьютерлерді тестілеуді өткізуге бір күн қалғанда дайындау;
3) аудиторлық қорды ұсыну;
4) тұлғаның жеке басын тану технологиясын пайдалана отырып, сәйкестендіру немесе жеке басын куәландыратын құжат және рұқсаттама негізінде сәйкестендіру, педагогтерді компьютерлік кабинетке жіберу және оларды отырғызу.
34. Біліктілік тестілеуді өткізу кезінде білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері бақылаушы ретінде қатысады.
35. Тестілеу аяқталғаннан кейін педагог компьютер экранында көрсетілетін тестілеу нәтижелерімен танысады.
36. Тестілеу нәтижесі – осы Қағидалардағы 7-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша Біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама педагогтің (басшының) жеке кабинетіне жолданады. Апелляция өткізілген жағдайда апелляцияны ескере отырып, Біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама педагогтің (басшының) жеке кабинетіне жіберіледі.
37. ҰТО тестіден өткен тестіленушілердің электрондық деректер базасын бес жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
38. ҰТО өңірлік білім басқармаларына және білім беру саласындағы уәкілетті органға тестілеу нәтижелері бар электрондық анықтамаларды тексеру үшін қолжетімділік береді.
39. Келесі балл алған жағдайда тестілеу нәтижесі оң болып саналады:
1) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:
«Мектепке дейінгі педагогика және психология»:
«педагог» біліктілік санаты-50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты-60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты-70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты-80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты-90 %;
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі»:
«педагог» біліктілік санаты-30 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты-40 % ;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты-50 %;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты-60 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 70%.
2) Бастауыш білім беру педагогтері үшін:
«Оқу пәнінің мазмұны» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты-50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты–60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты-70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты-80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты-90 %;
«Педагогика, оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты-30 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты- 40 %;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты-50 %;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты-60 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 70%.
3) Негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін:
«Оқу пәнінің мазмұны» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты-50%
«педагог-модератор» біліктілік санаты-60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты-70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты-80%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты-90%;
«Педагогика, оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты-30%
«педагог-модератор» біліктілік санаты-40% ;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты-50%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты-60%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 70%.
4) Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі»:
«педагог» біліктілік санаты-50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты-60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты-70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты-80%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты-90%;
«Психология негіздері»:
«педагог» біліктілік санаты-30%
«педагог-модератор» біліктілік санаты-40% ;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты-50%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты-60%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 70%.
5) интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Психология негіздері» - отыз тапсырма:
«педагог» біліктілік санаты - 30%
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 40% ;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 50%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 70%.
6) Арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Психология негіздері» - отыз тапсырма:
«педагог» біліктілік санаты - 30%
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 40% ;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 50%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 70%.
7) Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері (пән педагогтері) үшін:
«Оқу пәнінің мазмұны» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Психология негіздері» - отыз тапсырма:
«педагог» біліктілік санаты - 30%
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 40% ;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 50%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 70%.
8) Арнайы білім беру ұйымдарының, кабинеттерінің (орталықтарының) арнайы педагогтері үшін:
«Арнайы педагогика және оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %;
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Арнайы психология негіздері» - отыз тапсырма:
«педагог» біліктілік санаты - 30%
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 40% ;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 50%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 70%.
9) Білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа) үшін:
«Оқу пәнінің мазмұны»:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Педагогика, оқыту әдістемесі»:
«педагог» біліктілік санаты - 30%
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 40% ;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 50%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 70%.
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
«Оқу пәнінің мазмұны» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Қызмет бағыты бойынша» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Педагогика, оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Психология негіздері» - отыз тапсырма:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
11) Дене шынықтыру педагогтері үшін:
«Оқу пәнінің мазмұны»:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Педагогика, оқыту әдістемесі»:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы сынақтары:
«педагог», «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары - дайындықтың бастапқы деңгейіне сәйкес келеді.
12) Педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері үшін, сондай-ақ педагогикалық бағыттар бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының кемінде 200 академиялық кредитті игерген білім алушылары үшін:
«Оқу пәнінің мазмұны» - 75%;
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - 75%;
13) білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшылары үшін:
«Заңнамаларды білу» бағыты бойынша:
үшінші біліктілік санатының басшысы - 70%;
екінші біліктілік санатты басшы - 80%;
бірінші біліктілік санатты басшы - 90 %;
«Басқарушылық құзыреттер» бағыты бойынша:
үшінші біліктілік санатының басшысы - 70%;
екінші біліктілік санатты басшы - 80%;
бірінші біліктілік санатты басшы - 90%.
40. Пайыздарды балдарға ауыстыру шкаласы осы Қағидалардың
8-қосымшаға сәйкес жазылған.
41. Тиісті деңгейдегі Комиссия шешім қабылдағаннан және сәйкесінше біліктілік санаты берілгеннен кейін мұғалімнің Біліктілік тестілеу нәтижелері жарамсыз болып саналады.
42. Біліктілік тестілеу аяқталғаннан кейін педагог нәтижелермен (негіздемелері бар дұрыс және дұрыс емес жауаптармен) танысады және негіздемелермен келіспеген жағдайда залдан шықпай тұрып ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы республикалық апелляциялық комиссияға апелляция береді. Аппеляцияға өтініш тестілеу залынан шыққаннан кейін қабылданбайды.
43. Тест тапсырмаларын бағалау, тестілеу кезеңінде тексерілген құқықтарды қорғау кезінде бірыңғай критерийлерге сәйкестікті қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу мақсатында Республикалық апелляциялық комиссия жұмыс істейді, бұл ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы өтініштерді қабылдауды қамтамасыз етеді.
44. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
45. Республикалық апелляциялық комиссияның өкілеттік мерзімі бекітілген мерзімнен бастап бір жыл.
46. Апелляция мынадай жағдайларда қаралады:
1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:
дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспеймін;
дұрыс жауап жоқ;
барлық ұсынылған нұсқалардан бір дұрыс жауапты таңдаумен тест тапсырмаларында біреуден артық дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);
тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған.
2) техникалық себептер бойынша:
тест тапсырмаларында үзіндінің немесе мәтіннің болмауы.
47. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция берген кезде педагог дәлелді негіздемені (толық түсіндірме) көрсетеді. Барлық тест тапсырмаларын қайта қарау бойынша апелляцияға берілетін өтініштер әрбір тапсырма бойынша дәлелді негіздемені (толық түсіндірме, міндеттердің қадамдық шешімі) көрсетпей қарауға жатпайды.
48. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, хатшысы және мүшелері қол қояды. Республикалық апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамалары жыл бойы ҰТО-да сақталады.
49. Онлайн-қабылдау режимінде қаралған апелляция нәтижелері бойынша жеке кабинетте апелляцияны ескере отырып, нәтижелер көрсетіледі.
50. Біліктілік тестілеу нәтижелері бойынша педагогтің өтініші негізінде (қолданыстағы санат мерзімі өткенге дейін) одан әрі аттестаттау рәсімі жүргізіледі:
педагогтер үшін –біліктілік тестілеудің оң нәтижесінің жинаған балдарына сәйкес біліктілік санатын беру (растау);
білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) басшылары мен басшыларының орынбасарлары – осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес.
51. Аттестаттау бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша өтініш ұсынылады:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - ЖАО) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі - ҚР БҒМ)
немесе республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына,
немесе «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылы,
немесе egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы.
Барлық құжаттар электронды нұсқада ұсынылады, сондай-ақ Ұлттық білім беру деректер қорымен интеграциялау жүзеге асырылады.
52. «Біліктілік санаттарын беру және растау үшін білім беру ұйымдары мен республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары педагогтерін аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, республикалық білім беру ұйымдарының педагогтері үшін – ҚР БҒМ және республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары көрсетеді.
53. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 9-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
54. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері «электрондық үкімет» бөлігі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
55. Өтініш беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, ЖАО-ның, білім беру ұйымының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымының, білім беру саласындағы уәкілетті органның жауапты қызметкері не Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
56. Ұсынылған құжаттар мемлекеттік корпорация немесе egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы толық болған жағдайда өтініш берушіге дайын құжаттардың берілген күнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
57. Қалыптасқан өтініштерді (құжаттар топтамасымен бірге болған кезде) Мемлекеттік корпорация немесе egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы немесе ЖАО-ға тиісті арқылы республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымына не білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді.
58. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметтер көрсету мерзіміне кірмейді.
59. ЖАО, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган арқылы құжаттарды қабылдау кезінде ұсынылған құжаттардың толықтығы және өтініш берушінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тексеріледі, қорытындысы бойынша осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту беріледі.
60. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген.
61. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда 59-тармақта көрсетілген әрекеттер құжаттар келіп түскен және тиісті ЖАО, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымында, білім беру саласындағы уәкілетті органда тіркелген күні жүзеге асырылады.
62. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тиісті ЖАО, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымы, білім беру саласындағы уәкілетті орган Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізеді.
63. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда дайын құжаттарды беру мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін жеке басты куәландыратын құжаттарды не оның өкілін көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
64. ЖАО, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары, білім беру саласындағы уәкілетті орган «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11-тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
65. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
66. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсеткен көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
67. Тиісті саланың уәкілетті органдарында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарында (бұдан әрі - аттестаттаушы орган) педагогтер мен өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттау үшін осы мемлекеттік органдардың бірінші басшысының бұйрығымен комиссиялар құрылады:
«педагог» - білім беру ұйымдарында;
«педагог – модератор» - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімінің органдарында;
«педагог-сарапшы» және «педагог – зерттеуші» - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органдарында;
«педагог – шебер» - білім беру саласындағы уәкілетті органның жанында.
68. Педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына педагогтер, оқу-әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру ұйымдарының әдіскерлері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, педагогикалық кеңестердің өкілдері, білім беруді басқару органдарының мамандары кіреді.
69. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) басшылары мен басшыларының орынбасарларын аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, оның ішінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілдері, кәсіподақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдарының, қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ аттестаттаушы органның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері кіреді.
70. Комиссия мүшелердің тақ санынан тұрады және кемінде жеті мүшеден тұрады. Комиссия мүшелері комиссия отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
71. Педагогтерді (басшыларды, басшылардың орынбасарларын) аттестаттауды жүргізетін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органының, білім беру саласындағы уәкілетті органның (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) басшысы (басшы болмаған кезде – оның міндетін атқарушы лауазымды адам) немесе басшысының орынбасары комиссия төрағасы болып табылады. Төрағаның орынбасары комиссия мүшелері арасынан сайланады.
72. Салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілетті органның комиссиясы жүзеге асырады.
73. Конкурстық комиссияның хатшысы Комиссия отырысына материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды, хаттаманы ресімдейді және оған қол қояды, оның мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.
74. Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
75. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
76. Комиссия отырыстарында аудио немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио-бейнежазба архивте кемінде үш жыл сақталады.
77. Тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиялары ұсынылған тестілеу нәтижелерін және аттестаттаудың екінші кезеңінен өтуге педагогтердің өтініштерін зерделейді. Қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау үшін ұсынылған материалдар сараптамалық кеңестің қарауына жіберіледі.
3-тарау. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібі
78. Комиссия материалдарды сараптамалық кеңеске осы Қағидаларға
12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беруге (растауға) педагог портфолиосын қабылдау-табыстау актісі бойынша жылына екі рет (ағымдағы жылғы 5 мамырға және 5 қарашаға дейін ) жібереді.
79. Мәлімделген біліктілік санатының сәйкестігіне біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін жүргізу үшін әрбір пән немесе бағыт бойынша жеке сараптамалық кеңес (бұдан әрі – Сараптамалық кеңес) құрылады:
«педагог» біліктілік санатына - білім беру ұйымы деңгейінде ұйымдастырылатын, құрамында басшының орынбасары, тәжірибелі педагогтер, білім беру ұйымының кәсіподақ комитетінің мүшелері бар Сараптамалық кеңес. Сараптамалық кеңестің құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі;
«педагог-модератор» біліктілік санаты үшін – аудан (облыстық маңызы бар қаланың) деңгейінде, қала, облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, білім беру саласындағы уәкілетті орган деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар және салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) ұйымдастырылатын Сараптамалық кеңес, құрамында әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, ауданның/қаланың жоғары білікті педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, білім беру саласындағы қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері.
Сараптамалық кеңестің құрамы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органы, білім беру саласындағы уәкілетті орган басшысының (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар және салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) бұйрығымен бекітіледі;
«педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаттары үшін – құрамында әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру ұйымдарының жоғары білікті педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, қамқоршылық кеңестердің, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері бар облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, білім беру саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органы деңгейінде ұйымдастырылатын Сараптамалық кеңес. Сараптамалық кеңестің құрамы облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органы, білім беру саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар және салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) басшысының бұйрығымен бекітіледі;
«педагог-шебер» біліктілік санатына - құрамында ҚР БҒМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандары мен әдіскерлері, кәсіподақ өкілдері, тиісті саланың уәкілетті органдары, республиканың білім беру ұйымдарының тәжірибелі педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, қамқоршылық кеңестердің, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері бар Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі жанынан ұйымдастырылатын сараптамалық кеңес. Сараптамалық кеңестің құрамы білім беру саласындағы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.
80. Сараптамалық кеңестің құрамына Сараптамалық кеңестің төрағасы мен мүшелері кіреді. Сараптамалық кеңес мүшелерінің тақ санынан, бірақ кемінде жеті адамнан тұрады.
81. Сараптамалық кеңес осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сабақтарды/сабақ оқуларды бақылау парақтарын ескере отырып, осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру (растау) үшін педагогтердің портфолиосын бағалау өлшемшарттарына сәйкес біліктілік санаттарын беруге (растауға) педагогтердің портфолиосын бақылау парақтарын ескере отырып қарайды және бағалайды.
82. Сараптамалық кеңес аттестатталушының міндетті түрде қашықтықтан немесе күндізгі форматта қатысуымен әрбір пән бойынша немесе бағыт бойынша портфолионы жеке қарайды және бағалайды. Аттестатталушының қатысуымен портфолионы қарау 30 минуттан аспайды. Бұл ретте аудио немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио-бейнежазба архивте кемінде бір жыл сақталады.
83. Сараптамалық кеңес осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру (растау) үшін педагогтердің портфолиосын бағалау парақтарын және осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссияға әрбір педагог бойынша мәлімделген біліктілік санатынан бір деңгейге төмен сәйкестік/сәйкессіздік туралы, сәйкестік туралы қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудың қорытындылары бойынша ұсынымдарды жібереді.
84. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) бойынша түпкілікті шешімді Комиссия қабылдайды. Аттестаттаудан табысты өткен педагогтер тізімі мемлекеттік органның немесе білім беру ұйымының интернет-ресурсында жарияланады.
85. «Мәлімделген біліктілік санатына аттестатталмаған» шешім қабылдаған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссияның барлық мүшелері қол қойған шешімнің негіздемесі бар аттестатталған адамның электрондық поштасына жазбаша хабарлама жібереді.
Параграф 1. Педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын беру тәртібі
86. Біліктілік санатын беру сараптамалық кеңестің ұсынымдары ескеріле отырып, Комиссияның шешімімен қабылданады:
1) «педагог» біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе қайта даярлау курстарынан өткен, педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскен, Ұлттық біліктілік тестінен табысты өткен, сондай-ақ мынадай кәсіптік құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын біледі; білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгерген, цифрлық білім беру ресурстарын қолданады;
«Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы
12 мамырда № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық әдептің негізгі нормаларын сақтайды;
2) «педагог-модератор» біліктілік санатына:
тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
«педагог» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады;
кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы, аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болады;
3) «педагог-сарапшы» біліктілік санатына:
тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
«педагог-модератор» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
ұйымдастырылған оқу әрекетін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларына ие;
білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды;
кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы, аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болады;
облыс, ел телевидениесінде трансляциялау үшін қосылған бейне-, телесабақ дайындаған адамдар (бар болған жағдайда);
4) «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:
«педагог-сарапшы» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген;
білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді;
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) деңгейінде тәжірибе жинақтайды;
кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы, аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болады;
«Жыл мұғалімі» Ұлттық премиясының жүлдегері немесе қатысушысы немесе жеңімпазы болады;
тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан/қала, облыс деңгейінде даму стратегиясын конструктивті айқындайды (бар болған жағдайда);
тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдары педагогтер үшін ұйымдастырған семинарларды, конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес оқулық, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау бойынша сарапшылардың құрамына енген және (немесе) техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған білім беру бағдарламаларын немесе оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге қатысады (болған жағдайда);
елдегі телевидениеде трансляциялау үшін қосылған бейне-, теле сабақ дайындаған адамдар;
танымал инетернет ресурстарын пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін таратады;
5) «педагог-шебер» біліктілік санатына:
тиісті бейін бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде алты жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
«педагог-зерттеуші» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған авторлық бағдарламасы бар немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіреді немесе WorldSkills чемпионаттарының сарапшысы немесе педагогтардың біліктілігін арттыру жөніндегі жаттықтырушы болып табылады;
республикалық немесе халықаралық кәсіптік конкурстардың немесе олимпиадалардың жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған;
«Жыл мұғалімі» Ұлттық премиясының жүлдегері немесе қатысушысы немесе жеңімпазы болады;
танымал интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін таратады;
республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды;
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес оқулық, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды және (немесе) техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған білім беру бағдарламаларын немесе оқу-әдістемелік кешендерін (болған жағдайда) сараптау бойынша сарапшылардың құрамына енген;
тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдары педагогтер үшін ұйымдастырған семинарларды, конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;
елдегі, облыстағы телевидениеде трансляциялау үшін қосылған, білім порталдарында орналастырылған (бар болған жағдайда) бейне-, теле сабақ дайындаған адамдар.
«педагог» біліктілік санатына – білім беру ұйымында;
«педагог-модератор» біліктілік санатына – ауданның (облыстық маңызы қаланың) білім бөлімдерінде, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларында, білім беру саласындағы уәкілетті органдарда (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органдарында;
«педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», біліктілік санаттарына – республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларының деңгейінде, білім беру саласындағы уәкілетті органдарда (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
«педагог-шебер» біліктілік санатына – білім беру саласындағы уәкілетті орган деңгейінде жүргізіледі.
88. Білім беру ұйымы жыл сайын 1 қыркүйекке дейін алдағы қаржы жылына арналған біліктілік санаттарын берудің (растаудың) перспективалық жоспарын жасайды және бекітеді, ол қажеттілігіне қарай түзетіледі.
89. Білім беру ұйымы біліктілік санатын беру үшін педагогтердің тізімдік құрамын (электрондық жеткізгіштерде) аудандардың (республикалық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларына, республикалық ұйымдар – білім беру саласындағы уәкілетті органға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органына ұсынады.
1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;
2) өтініш берілген біліктілік санатынан бір саты төмен санатқа сәйкес келеді;
3) «педагог» біліктілік санатына сәйкес келеді (өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмеген жағдайда);
4) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді.
91. Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес хаттамамен ресімделеді.
92. Мерзімінен бұрын өтініш берген кезде Комиссия «өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді» деген шешім қабылдаған жағдайда қолданыстағы біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Егер педагог біліктілік тестін тиісті санатқа тапсырмаған жағдайда, аттестаттау рәсімі осы Қағиданың 15-тармағына сәйкес жүргізіледі.
94. Педагог «Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы
21 мамырдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11512 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіз болған кезде күнтізбелік бір жылға біліктілік тестілеуден босатылады. Бұдан әріжалпынегізде аттестаттаудан өтеді.
95. Осы Қағидалардың 92-тармағында көрсетілген педагог біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) біліктілік санаттарының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (еркін нысан);
2) біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын құжат.
97. Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес хаттамамен ресімделеді.
98. Педагогтер:
тоқтату себептеріне қарамастан, біліктілік санаты берілген лауазымдағы жұмысын қайта бастағандар;
білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, біліктілікті арттыру ұйымдарынан, жоғары оқу орындарынан білім беру ұйымдарына ауысқандар;
Қазақстан Республикасынан тыс жерде мамандық бойынша оқуда (тағылымдамада) болғандар;
Педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шетелдерден келген;
педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскендер білімін, еңбек өтілін растайтын құжаттары болған жағдайда біліктілік талаптарына сәйкес келетін санатқа біліктілік тестілеуін тапсырады.
Педагогтердің осы санаты үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау кезеңін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы бір жылдан кейін өткізеді. Бұл ретте педагогте біліктілік санаты берілгенге дейін бір жыл ішінде «педагог» біліктілік санаты қолданылады.
Егер педагог біліктілік тестін тиісті санатқа тапсырмаған жағдайда, біліктілік санаты «педагог» санатына дейін төмендетіледі.
Келесі аттестаттау кезеңінде тамыз-желтоқсан (қаңтар - мамыр) педагог біліктілік тестілеуді бастапқы мәлімделген біліктілік санатына немесе төмен деңгейге тапсырады.
99. Зейнетке шыққаннан кейін Педагогикалық қызметті жүзеге асыруды жалғастыратын зейнеткерлік жасқа дейінгі және зейнеткерлік жастағы педагогтер аттестаттау рәсімінен жалпы негізде өтеді.
Біліктілік санатын жалпы негізде беру (растау) рәсімінен бас тартқан жағдайда біліктілік санаты «педагог» біліктілік санатына дейін төмендетіледі.
100. Біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың негізінде білім беру ұйымы осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес біліктілік беру (растау) туралы куәлік береді.
101. Педагогтерге:
«санаты жоқ» біліктілік санаты берілген педагогтерге «педагог» біліктілік санаты теңестіріледі;
«екінші санат» біліктілік санаты «педагог-модератор» біліктілік санатына теңестіріледі;
«бірінші санат» біліктілік санаты «педагог-сарапшы» біліктілік санатына теңестіріледі;
«жоғары санат» біліктілік санаты «педагог-зерттеуші» және (немесе) «педагог-шебер» біліктілік санаттарына теңестіріледі.
102. Біліктілік санатын беру туралы куәліктерді беруді білім беру ұйымдары комиссиялардың шешімдері мен тиісті бұйрықтардың негізінде жүзеге асырады және осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктерді тіркеу және беру журналында тіркеледі.
103. Қазақстан Республикасы шегінде педагогикалық саладағы тиісті мамандық бойынша жаңа жұмыс орнына ауысқан кезде педагогтерде (басшыларда, басшы орынбасарларында) қолданыстағы біліктілік санатын оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақтайды.
104. Педагогтерге біліктілік санатын беру білім туралы дипломда немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік берілген қайта даярлау туралы құжатта көрсетілген мамандыққа (біліктілікке) сәйкес жүзеге асырылады.
105. Білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәндерді оқытқан жағдайда, біліктілік санатын беру оқытатын пәнді/пәндерді (таңдау бойынша) көрсете отырып, негізгі лауазым бойынша жүргізіледі және негізгі лауазым бойынша санат беріледі. Негізгі лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты тиісті бағыт бойынша оқытылатын барлық пәндерге қолданылады.
106. Шағын жинақты мектептердің педагогтері үшін дипломда көрсетілмеген пәндерді оқыту жағдайында кезекті біліктілік санатын беру пәнаралық (аралас) пәндер бойынша тиісті біліктілік санаты берілген қайта даярлау туралы құжат болған жағдайда атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.
107. Педагог жоғары оқу орындарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды кәсіптік даярлау жүзеге асырылмайтын пәндерді оқыған жағдайда, оның бұрын алған санаты сақталады. Біліктілік санатын кезекті беру біліктілікті арттыру туралы тиісті құжат болған кезде жалпы негіздерде жүргізіледі
108. Арнайы білім беру ұйымдарында сабақ беретін педагогтерге кезекті біліктілік санатын беру дипломға сәйкес, бейіні бойынша немесе қайта даярлау туралы құжатқа сәйкес, білім беру ұйымдарындағы тиісті бейін бойынша жүргізіледі.
109. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне кезекті біліктілік санаты оқытатын бейініне сәйкес беріледі.
110. Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне (әдіскерлеріне) біліктілік санаттары диплом бойынша және атқаратын лауазымы ескеріле отырып беріледі.
111. Білім беру ұйымынан әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдарға ауысқан немесе білім беру қызметін ұйымдастырған кезде педагогте қолданыстағы «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады (теңестіріледі) және тиісті қосымша ақы төленеді.
112. Әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің), «Дарын» орталықтарының, мектепке дейінгі, арнайы және қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлерінде білім беру ұйымына ауысқан кезде және қоса атқару жағдайларында «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары сақталады және тиісті қосымша ақы төленеді.
113. Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан жалпы білім беретін мектептерге ауысқан кезде педагогтердің біліктілік санаттары мыналарға теңестіріледі:
«мұғалім-модератор» – «педагог-модератор»;
«мұғалім-сарапшы» - «педагог-сарапшы»;
«мұғалім-зерттеуші» - «педагог-зерттеуші»;
«мұғалім-шебер» – «педагог-шебер».
114. «Өзін-өзі тану» пәнін оқытқан кезде педагогтегі біліктілік санаты уәкілетті органмен келісілген білім беру бағдарламалары бойынша «Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру курстары туралы құжат болған жағдайда бұрын оқытқан пән бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
115. Кезекті, мерзімінен бұрын біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогтер дипломындағы мамандығы бойынша немесе «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ұлттық біліктілік тестілеуінен өтеді.
116. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы бейінге сәйкес келмейтін педагогикалық білімі бар педагогтерге мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша біліктілікті арттыру (немесе қайта даярлау) курстары туралы құжат болған жағдайда біліктілік санаты беріледі.
117. Психологиялық, диагностикалық (білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін айқындау бөлігінде), түзету, әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагогтерге дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес немесе тиісті бейіні бойынша дипломы болмаған жағдайда біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау курстарынан өтуді ескере отырып, «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаты беріледі.
118. Дене шынықтыру пәні педагогтеріне «педагог», «педагог-модератор» «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары «Оқыту пәнінің мазмұны» және «Педагогика, оқыту әдістемесі» бойынша ұлттық біліктілік тестілеуден өткеннен соң «Педагогика, оқыту әдістемесі» пәні бойынша немесе бастапқы дайындық деңгейінің нәтижелерімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы сынақтарын тапсырған соң беріледі (расталады).
119. Педагогтерге кезекті біліктілік санаты:
«Көркем еңбек» пәні бойынша «Технология», «Бейнелеу өнері», «Сызу» мамандықтары бойынша диплом;
«Графика және жобалау» пәні бойынша «Бейнелеу өнері», «Сызу», «Информатика» мамандықтары бойынша диплом, сондай-ақ бұрын берілген біліктілік санатын ескере отырып, кәсіптік оқыту негізге алынады.
120. Арнайы білім беру ұйымдарында немесе арнайы сыныптарда (топтарда) білім туралы дипломда көрсетілгеннен басқа мамандық бойынша қызмет жүргізген жағдайда кезекті біліктілік санатын беру біліктілікті арттыру курстары немесе қайта даярлау курстары туралы құжат негізінде атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.
121. Инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептерде сабақ беретін педагогтерге кезекті біліктілік санаты дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес беріледі, бұл ретте портфолиода ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жүргізілген жұмыстар бойынша материалдар көрсетіледі.
2-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру тәртібі
122. Педагогтер біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру осы Қағидалардың 86-тармағының талаптарына сәйкес келеді және осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ұлттық біліктілік тестілеуін тапсырады.
123. Педагогтерге мерзімнен бұрын біліктілік санаттарын беру бойынша шешім қабылдайтын комиссияның жұмыс тәртібі осы Қағидалардың 67-78, 84-85, 90-93 тармақтарында жазылған.
пәнді (пәнді) ағылшын тілінде оқыту құқығымен жоғары оқу орнын бітірген, ағылшын тілін С1 (CEFR шкаласы бойынша) деңгейінен төмен емес білетінін растайтын сертификаты (куәлігі) бар немесе ғылыми-педагогикалық бейіні бойынша «магистр» академиялық дәрежесін бере отырып дипломы бар тұлғалар адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық /республикалық маңызы бар қала) деңгейінде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық деңгейде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар.
125. «Педагог-сарапшы» біліктілік санатына мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде екеуіне сәйкес келетін адамдар қатысады:
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлерде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық деңгейде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
ағылшын тілін С1 (CEFR шкаласы бойынша) деңгейінен төмен емес деңгейде меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын адамдар;
жоғары оқу орнынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде екі жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар;
білім беру ұйымдарына өндірістен, бейінді ұйымдардан педагогикалық жұмысқа ауысқан, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар адамдар;
бейінді пән бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып табылатын адамдар;
бейіні бойынша ең жоғары біліктілік разряды бар өндірістік оқыту шеберлері;
аудандық / қалалық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған тұлғалар;
WorldSkills облыстық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес оқулық, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау бойынша сарапшылар құрамына енген немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған адамдар;
облыс, ел телевидениесінде трансляциялау үшін қосылған бейне-, теле сабақ дайындаған адамдар (бар болған жағдайда).
126 «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатына мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде екеуіне сәйкес келетін адамдар қатысады:
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген, басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторлары (тең авторлары) болып табылатын адамдар;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар;
кәсіпорыннан, бейінді ұйымнан педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық деңгейдегі олимпиадалардың қатысушыларын, жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған адамдар;
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау бойынша сарапшылар құрамына енген адамдар (бар болған жағдайда);
облыс, ел телевидениесінде трансляциялау үшін қосылған бейне-, теле сабақ дайындаған адамдар;
облыстық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған тұлғалар;
«Жыл мұғалімі» Ұлттық премияның жеңімпазы, қатысушысы немесе жүлдегері;
WorldSkills облыстық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
127. «Педагог-шебер» біліктілік санатына біліктілік санатына мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде екеуіне сәйкес келетін адамдар қатысады:
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары және жүлдегерлері болып табылатын адамдар;
өзінің тәжірибесін халықаралық деңгейде таратқан адамдар;
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған авторлық бағдарлама әзірлеген адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылатын адамдар;
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау бойынша сарапшылардың құрамына енген адамдар;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде бес жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
Қазақстан Республикасының «Үздік педагог» атағына ие болған адамдар;
«Жыл мұғалімі» Ұлттық премияның жеңімпазы, қатысушысы немесе жүлдегері;
WorldSkills халықаралық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар.
3-параграф. Педагогтерге біліктілік санатын жеңілдетілген тәртіппен беру тәртібі
128. «Болашақ» бағдарламасының түлектері болып табылатын адамдарға, сондай-ақ Президенттік кадрлық резервке енген адамдарға, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін ұсынылған тізімге кіретін шетелдік жоғары оқу орындарының түлектеріне комиссия шешімімен біліктілік санатын беру рәсімдерінсіз «педагог-сарапшы» біліктілік санаты беріледі.
129. «Педагог-модератор» біліктілік санаты CLIL әдістемесі (бар болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS - 6,5 балл; TOEFL - 60-65 балл;
француз тілі бойынша: DELF - С1;
неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat – С1 меңгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде ұлттық біліктілік тестілеуі рәсімінен өтпестен беріледі.
130. «Педагог-сарапшы» біліктілік санаты CLIL әдістемесі (болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS - 6,5 балл; TOEFL - 66-78 балл;
француз тілі бойынша: DELF - С1;
неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С1 меңгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде ұлттық біліктілік тестілеуі рәсімінен өтпестен беріледі.
131. «Педагог-зерттеуші» біліктілік санаты CLIL әдістемесі (болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS - 7 балл; TOEFL - 79-95 балл;
француз тілі бойынша: DELF - С2;
неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С2 меңгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде ұлттық біліктілік тестілеуі рәсімінен өтпестен беріледі.
132. «Педагог-шебер» біліктілік санаты CLIL әдістемесі (болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS -7,5 балл; TOEFL - 96-110 балл;
француз тілі бойынша: DELF - С2;
неміс тілі бойынша: GoetheZertifikat - С2 меңгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде ұлттық біліктілік тестілеуі рәсімінен өтпестен беріледі.
133. Жоғарыда аталған сертификаттары жоқ шет тілдерінің педагогтері біліктілік санатын беру рәсімінен жалпы негізде өтеді.
4-тарау. Білімберуұйымдарының, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының)басшыларыменбасшыларыныңорынбасарларын, әдіскерлерінаттестаттауданөткізутәртібі
134. Білімберуұйымдарыныңәдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) басшыларыменорынбасарлары, әдіскерлеросы Қағидаларға 22-қосымшағасәйкеснысанбойыншаталапететінбіліктіліксанатынкөрсетеотырып, тиістідеңгейдегіКомиссияғаөтінішбереді.
135. Аттестаттау үшін тиісті деңгейдегі бірінші басшының бұйрығымен комиссиялар құрылады:
«үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары» мен «ұйымдастырушы басшысы», «екінші біліктілік санатты басшының орынбасары» мен «менеджер басшы», әдіскерлер үшін – «әдіскер-модератор» ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі органдарында;
«бірінші біліктілік санатты басшының орынбасары» мен «көшбасшы басшысы», әдіскерлер үшін – «әдіскер-сарапшы», «әдіскер-зерттеуші», «әдіскер-шебер» облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беру басқару органдарында.
136. Комиссия материалдарды жылына екі рет қарайды (сәйкесінше ағымдағы жылғы 5-мамырға және 5-қарашаға дейін құжаттарды тапсыру)
137. Білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) әдіскерлерін аттестаттау біліктілік бағалауын, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық қорытындылауды және қызметтің нәтижелерін көрсете отырып, аттестаттау комиссиясының отырысында сұхбатты жүргізу (өзін-өзі бағалау мен комиссияның бағалауы сәйкес келмеген жағдайда) қамтиды.
138. «Басшы», «басшысының орынбасары», «әдіскер» біліктілік санаттары лауазымға тағайындалған сәтте автоматты түрде беріледі.
139. Жаңа форматта алғаш рет аттестаттау рәсіміне қатысатын білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) әдіскерлері өз таңдауы бойынша «үшінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «әдіскер-модератор», «әдіскер-сарапшы», «әдіскер-зерттеуші», «әдіскер-шебер» біліктілік санаттарын беруге өтініш береді.
140. Білім беру ұйымындағы, әдістемелік кабинеттердегі (орталықтардағы) лауазымға бірінші рет тағайындалған білім беру ұйымы басшысының орынбасарлары «үшінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «әдіскер-модератор», «әдіскер-сарапшы», «әдіскер-зерттеуші», «әдіскер-шебер» біліктілік санаттарын беру үшін үш жыл қызмет еткеннен кейін өтініш береді.
141. Жаңа форматта алғаш рет аттестаттау рәсіміне қатысатын білім беру ұйымының (әдістемелік кабинет (орталық) басшылары өз таңдауы бойынша «ұйымдастырушы басшысы» немесе «менеджер басшы» немесе «көшбасшы басшысы» біліктілік санаттарын беруге өтініш береді.
142. Білім беру ұйымындағы (әдістемелік кабинетегі (орталықтағы) лауазымға алғаш рет тағайындалған білім беру ұйымының басшылары атқарған қызметінде үш жыл болғаннан кейін «басшы» біліктілік санатын қоспағанда «ұйымдастырушы басшысы» немесе «менеждер басшы» немесе «көшбасшы басшысы» біліктілік санаттарын беру үшін өтініш береді.
143. Келесі аттестаттау кезінде білім беру ұйымы (әдістемелік кабинет (орталық) басшыларының орынбасарлары мен басшылары келесі деңгейдегі біліктілік санатын беру туралы немесе қолданыстағы біліктілік санатын растау туралы өтініш береді.
144. Білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшылары мен орынбасарларын, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскерлерін аттестаттау қызметтегі әрбір үш жылдан кейін өткізіледі.
Білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшылары мен орынбасарларынаттестаттау лауазымға тағайындалған күннен бастап (жұмысқа қабылданған) үш жылдан кейін алты айдан кешіктірілмей өткізіледі.
145. Білім беру ұйымы басшыларын және басшы орынбасарларын аттестаттау лауазымға тағайындалған кезден бастап үш жыл өткен соң алты айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
146. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) басшыларын, орынбасарларын, әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) әдіскерлерін аттестаттауға дайындықты басшы қызметкерлермен білім беру ұйымдары, аттестаттау органының Персоналды басқару қызметі ұйымдастырады және келесі іс-шараларды қамтиды:
1) Біліктілік тестілеу өткені туралы анықтаманы (білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін), жұмыс тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі кестені, осы Қағидаларға 23 және 24-қосымшаларда белгіленген критерийлерді орындау бойынша растайтын құжаттарды қамтитын қажетті құжаттарды дайындау;
Көрсетілген құжаттар басшы орынбасарының, басшының қолымен және білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) мөрімен расталады.
Білім беру ұйымы (әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары мен басшысы ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жауапты болады.
2) аттестаттауды өткізу кестелерін бекіту.
147. Тиісті деңгейдегі аттестаттау органының Персоналды басқару қызметі жыл сайын, 1 қыркүйекке дейін, қажет болған жағдайда түзетілетін білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) аттестатталатын басшыларының және білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшыларының орынбасарларының, әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) әдіскерлерінің тізімін анықтайды.
149. Аттестаттау жөніндегі органның басшысы, органның Персоналды басқару қызметі ұсынуы бойынша, жыл сайын бұйрық шығарады, ол аттестаттау кестесін және тиісті деңгейдегі Комиссия құрамын бекітеді.
150. Аттестаттаушы органның Персоналды басқару қызметі аттестатталушыларды аттестаттауды өткізу мерзімдері туралы жыл сайын жазбаша хабардар етеді.
151. Білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинет (орталық) басшыларының орынбасарларының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскерлерінің біліктілігін бағалау ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), облыстың білім бөлімі органдарында (облыстық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін), республикалық маңызы бар қалалар мен астанада, білім беру саласындағы уәкілетті органда (республикалық ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен ұйымдар, салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) жүзеге асырылады.
152. Біліктілік бағалау аттестатталушы адамдар ұсынған құжаттардың сәйкестігін қарауды қамтиды: жеке басын куәландыратын құжат, білімі туралы диплом, білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген, кемінде 72 сағат «Білім берудегі Менеджмент» бағдарламасы бойынша курстардан өткені немесе біліктілігін арттырғаны туралы құжат, қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат.
153. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) басшылары мен орынбасарлары, әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) әдіскерлері үшін құжаттардың толық емес пакеті болған жағдайда, тиісті деңгейдегі аттестаттау органының Персоналды басқару қызметі құжаттарды қабылдамайды және дәлелді бас тартуды ұсынады.
154. Аттестаттаушы органның Персоналды басқару қызметі білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) басшылары мен басшылары орынбасарларының, әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) әдіскерлердің жиналған аттестаттау материалдарын комиссияға жібереді.
155. Отырыс барысында Комиссия ұсынылған материалдарды зерделейді.
156. Ұсынылған материалдарды зерделеу нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі осы Қағидалардың 25-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша аттестатталатын басшыға/басшы орынбасарына/әдіскерлерге бағалау парағын толтырады.
157. Аттестаттаттайтын органның Персоналды басқару қызметі аттестатталушыға осы Қағидалардағы 26-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша аттестатталушы басшыға, басшының орынбасарына осы Қағидалардың
27-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша аттестаттау парағын ресімдейді.
158. Аттестаттау нәтижелері бойынша жоғары қорытынды көрсеткіштер кезінде білім беру ұйымы (әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасарлары білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинет (орталық) басшыларының кадр резервіне қабылданған кезден бастап екі жылға алынады.
159. Аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинет (орталық) басшыларының орынбасарлары үшін:
мәлімделген біліктілік санатына аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатын растай отырып аттестатталды;
кадр резервіне ала отырып аттестатталды;
мәлімделген біліктілік санатына аттестатталмаған;
әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін):
мәлімделген біліктілік санатына аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатын растай отырып аттестатталды;
мәлімделген біліктілік санатына аттестатталмаған.
160. «Мәлімделген біліктілік санатына аттестатталмаған» шешім қабылдаған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссияның барлық мүшелері қол қойған біліктілік санатын беруден (растаудан) бас тарту негіздемесі бар аттестатталатын адамның электрондық поштасына жазбаша хабарлама жібереді.
161. Комиссия «мәлімделген біліктілік санатына аттестатталмады» деген шешім қабылдаған кезде білім беру ұйымы (әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасарының қолданыстағы біліктілік санаты жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін сақталады, одан әрі қарай біліктілік санаты бір деңгейге төмендейді.
162. Білім беру ұйымы (әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары қайта аттестаттаудан осы Қағидаларға сәйкес тиісті деңгейдегі комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жылдан кейін өтеді.
163. Комиссия қайта аттестаттауды өткізу кезінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
мәлімделген біліктілік санатына аттестатталды;
мәлімделген санатты растаумен аттестатталды;
мәлімделген біліктілік санатына аттестатталмады.
164. Қайта аттестаттау кезінде комиссия «мәлімделген біліктілік санатына аттестатталмады» деген шешім қабылдаған жағдайда, бар біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі.
165. Көрсеткіштердің орындалуын аттестатталатын білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы қызмет нәтижелерін кешенді жалпылауға ұсынады.
166. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) басшыларын аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
мәлімделген біліктілік санатына аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатына ротациямен аттестатталды;
мәлімделген біліктілік санатына растаумен аттестатталды;
мәлімделген біліктілік санатына аттестатталмады;
еңбек шартты бұзуымен өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.
167. Комиссия «мәлімделген санатқа аттестатталмаған» деген шешім қабылдаған кезде аттестатталушы осы Қағидаға сәйкес аттестаттаудан өткен күннен бастап үш айдан кейін (аттестатталатын кезеңде бір реттен артық емес) қайта аттестаттаудан өтеді. Сонымен бірге білім беру ұйымы (әдістемелік кабинет (орталық) басшысының қолданыстағы біліктілік санаты келесі аттестаттау кезеңіне дейін қалады.
168. Басшының Біліктілік тестілеу қорытындысы бір жыл бойы жарамды.
169. Комиссия қайта аттестаттауды өткізу кезінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
мәлімделген біліктілік санатына аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатына ротациямен аттестатталды;
мәлімделген біліктілік санатына растаумен аттестатталды;
мәлімделген біліктілік санатына аттестатталмады;
еңбек шартының бұзылуымен мәлімделген біліктілік санатына аттестатталмаған.
170. Комиссия «көшбасшы-басшы» немесе «менеджер-басшы» біліктілік санаты бар аттестатталушы адамды қайта аттестаттау кезінде «мәлімделген біліктілік санатына аттестатталмады» деген шешім қабылдаған жағдайда, біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі;
«ұйымдастырушы-басшы» біліктілік санаты бар басшылармен еңбек шарты бұзылады.
171. Аттестатталушы комиссия шешімімен танысады.
172. Комиссияның шешімі осы Қағидалардың 28-қосымшасына сәйкес хаттамамен ресімделеді, оған оның отырысына қатысқан Комиссия хатшысы мен мүшелері қол қояды.
173. «Мәлімделген біліктілік санатына аттестатталмады» шешім қабылдаған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде саттестатталған тұлғаның электрондық поштасына осы Қағидалардың 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссияның барлық мүшелері қол қойған шешімнің негіздемесі бар жазбаша хабарлама жібереді.
174. Комиссияның шешімі осы Қағидалардың 26, 27-қосымшаларына сәйкес аттестатталушы адамдардың аттестаттау парақтарына енгізіледі.
175. Аттестаттаудан өткен аттестатталушының аттестаттау парағы және оған берілген қызметтік мінездеме жеке ісінде сақталады. Комиссияның шешімі аттестатталушының қызметтік тізіміне енгізіледі.
176. Комиссия шешімі аттестаттаушы органның бұйрығымен ресімделеді.
Тиісті бұйрықтың негізінде осы Қағидалардың 29-қосымшасына сәйкес біліктілік бере (растай) отырып, аттестаттау туралы куәлік беріледі.
177. Біліктілік бере отырып (растай отырып) аттестаттау туралы куәлік осы Қағидалардың 20-қосымшасына сәйкес куәліктерді тіркеу және беру журналында тіркеледі.
178. Педагогтерге, білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) басшыларына, басшыларының орынбасарларына, әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) әдіскерлеріне берілген (расталған) біліктілік санаты үшін қосымша төлем қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тиісті деңгейдегі Комиссияның шешімі негізінде 1 қыркүйектен немесе 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.