06
декабрь
2022
"Мемлекеттік рәміздер мақтанышымыз"
2 сынып
Мақсаты: Рәміздер туралы білімдері пысықталады.
Міндеттері: 1. Рәміздер туралы білімдері толықтырылады.
2.Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту.
3.Рәміздерді қастерлей білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Рәміздер туралы оқушылар білімдерін көрсете біледі.
Балалар дөңгеленіп тұрды. Қолдан жасалған шаңырақтың уықтарын ұстап, әр бала аты – жөнін айтып, жақсы тілектер тіледі.
Мысалы: Еліміз тыныш болсын, бақытты болайық, аспанымыз ашық болсын, береке болсын, бірлік болсын т. б.
”Сөздің көркі -мақал” деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен ойларын жеткізеді.
Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын,қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер екендігін түсінді.
Бірінші айналым «Сұрақ - жауап» . Берілген сұрақтарға жауап беру. (әр сұрақты стикер арқылы бағалау)
1.Қазақстанның ұлттық валютасы? (теңге)
2.ҚР Тәуелсіздік күнін қашан атап өтеміз? (16 желтоқсан)
1. ҚР туында не бейнеленген?(шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата)
2. Гимннің авторлары кімдер?(Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев)
1.Мемлекеттік тіл? (қазақ тілі)
2.ҚР мемлекеттік туының авторы?(Шәкен Ниязбеков)
4-топ: 1.Гимннің әнін кім жазған? (Ш.Қалдаяқов)
2.Елтаңба авторлары кімдер? (Ж.Мәлібеков,Шотаман Уәлиханов осындай сұрақтарға балалар өз ойларын дұрыс жеткізіп,жауап берді.