Мемлекеттік мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 ж » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекеттік мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 ж
01
сентябрь
2023

Мемлекеттік мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 ж

Мемлекеттік мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 ақпанда № 13070 болып тіркелді.

       Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
 

       1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, қолдану және сақтау бойынша қағидалары бекітілсін. 

      2. Мектепке дейінгі және орта білім ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 

 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстан Республикасының



Білім және ғылым министрі

А. Сәрінжіпов


 
 


Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2016 жылғы 19 қаңтардағы
 № 44 бұйрығымен бекітілген

 Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын
 қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидалары
 1. Жалпы ережелер

       1. Осы Мемлекеттік мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 49) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 
 
 

       2. Қағидалар оқу-тәрбие процесін және ғылыми зерттеулерді барынша толық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін мектептер (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдары кітапханаларының ақпараттық ресурстарды және кітапхана қорларын қалыптастыру саласындағы жұмысының мазмұнын белгілейді. 

       3. Қағидалардың Ережелерін мемлекеттік білім беру ұйымдары қолданады. 

      4. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) ауыстырылатын қор – кітапханалармен, ақпарат орталықтарымен құжаттар алмасуға, ақысыз беруге және/немесе оларды ұйымдарға және жеке тұлғаларға сатуға арналған қор;

      2) жеке (сараланған) есеп – қорға түскен немесе одан шығарылатын құжаттың әрбір бөлек данасын немесе құжаттың әрбір атауын есепке алу нысанына тіркеу процесі;

      3) жиынтық (ықпалдастырылған) есеп – кітапхана қорына бір ілеспе құжат: шот-фактура, жүкқұжат, акт бойынша топпен, лекпен түсетін немесе одан шығарылатын кітапхана қорын есепке алу түрі;

      4) қор – кітапхананың, ақпарат орталығының міндеттеріне және бейініне сәйкес пайдалануға және сақтауға арналған құжаттардың реттелген жиынтығы;

       5) қорды қалыптастыру – қорды жинақтау, есепке алу, ұйымдастыру, құжаттарды алып тастау, сондай-ақ қорларды басқару процестерінің жиынтығы; 

      6) қорды ұйымдастыру – құжаттарды қабылдау, есепке алу, техникалық өңдеу, орналастыру және сақтау процестерінің жиынтығы;

       7) қорды жинақтау – кітапхананың, ақпарат орталығының міндеттеріне сәйкес келетін құжаттарды анықтау, іріктеу, тапсырыс беру, сатып алу, алу және тіркеу процестерінің жиынтығы; 

       8) қорды пайдалану – пайдаланушылардың кітапхана қорында бар құжаттарды пайдалану дәрежесінің жалпыланған сипаттамасы; 

      9) қорды сақтау – қорда сақталатын құжаттардың тұтастығы мен нормативтік физикалық күйін қамтамасыз ету;

      10) қосалқы қор – аса жиі сұралатын құжаттардан тұратын, оқырман сұраныстарын тезірек қанағаттандыру үшін кітапхананың, ақпарат орталығының қызмет көрсету бөлімдеріне жақындатылған қор;

      11) құжат (әдебиет) – сақтау және қоғамдық пайдалану мақсатында уақытта және кеңістікте беруге арналған мәтін, дыбыс жазу немесе кескіндеме түріндегі ақпарат тіркелген материалдық объект;

      12) негізгі қор – кітапхананың, ақпарат орталығының бейіні бойынша құжаттардың негізгі көлемі енгізілген, пайдалануға және сақтауға арналған қор;

      13) оқулықтар қоры – оқу процесін қамтамасыз ету үшін ұсынылған, құрамына басылымдарды түрі мен даналылығына қарамастан қамтитын мамандандырылған қосалқы қор. Оқулықтар қоры мемлекеттік білім беру ұйымдарының оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес қалыптастырылады.

 2. Кітапхана қорын қалыптастыру

       5. Кітапхана қорын қалыптастыру – қорды құру, үнемі жаңарту, дамыту және оны жұмыс бабында ұстау; кітапхана қорын модельдеу жөніндегі барлық технологиялық процестердің жиынтық ұғымы, мемлекеттік білім беру қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарын ақпарат ресурстарымен қамтамасыз ету. 

      6. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының ақпарат ресурстары формалданған идеялар мен білімдерді, саналуан деректерді, оларды жинастыру, сақтау және ақпарат көздері мен оларды тұтынушылардың арасында алмасу әдістері мен тәсілдерін білдіреді.

      7. Ақпарат ресурстары:

       1) кез келген тасымалдағыштардағы білім беру мақсатындағы: басқарушылық, оқу, ғылыми, оқу-әдістемелік, толық мәтінді, фактографиялық және библиографиялық деректер базаларын; 

      2) анықтама - іздестіру жүйелерін, дәстүрлі және электрондық кітапхана каталогтары мен картотекаларын;

      3) жергілікті қол жеткізілетін электрондық ресурстарды;

       4) білім беру ақпаратын құруды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарлама құралдарын; 

       5) ақпаратты тарату арналарын; 

      6) білім беру мақсатында пайдаланылатын қатынас құралдарын қамтиды.

       8. Кітапхана қоры ақпарат ресурстарының құрамдас бөлігі болып табылады және оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық, өндірістік-тәжірибелік әдебиеттерді, заң шығарушылық және нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына арналған қосымша әдебиеттерді қамтиды. 

      9. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалары қорларындағы қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдардың саны оқыту тілдері бойынша білім алушылардың контингентіне тепе-тең болуы тиіс.

      10. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханаларында:

       1) бастауыш білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 348 бұйрық) іске асыратын білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 115 бұйрық) бастауыш білімнің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес толық оқыту кезеңінде білім алушылар контингентіне қатысты, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу әдебиеттері қорының, сондай-ақ қосымша, анықтамалық, ғылыми-танымал, ғылыми-танымдық, көркем және публицистикалық әдебиеттердің болуы;

       2) негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында № 348 бұйрығымен бектілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және № 115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес толық оқыту кезеңінде білім алушылар контингентіне қатысты оқу әдебиеті қорының, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу-әдістемелік кешендер мен сандық білім беру ресурстарының, сондай-ақ қосымша, анықтамалық, ғылыми-танымал, ғылыми-танымдық, көркем және публицистикалық әдебиеттердің болуы;

       3) техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары – № 348 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес даярланатын мамандық біліктіліктері бойынша толық оқу кезеңіне білім алушылардың контингентіне қатысты оқу жұмыс жоспарына сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттің кітапхана қорының, сондай-ақ қосымша, анықтамалық, ғылыми-танымал, ғылыми-танымдық, көркем және публицистикалық әдебиеттердің болуы;

      рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы;

       4) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары – № 348 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес даярланатын мамандық біліктіліктері бойынша толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне қатысты оқу жұмыс жоспарына сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттің кітапхана қорының, сондай-ақ қосымша, анықтамалық, ғылыми-танымал, ғылыми-танымдық, көркем және публицистикалық әдебиеттердің болуы;

      рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы;

      5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары – кадрлар даярлау бағытының білім беру бағдарламасы пәндерінің 100%-ын қамтамасыз ететін, оның ішінде оқыту тілдері бойынша шығарылған соңғы он жылдағы баспа және электрондық басылымдар форматындағы оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының, сондай-ақ білім алушылардың қосымша, анықтамалық, ғылыми-танымал, ғылыми-танымдық, көркем және публицистикалық әдебиеттердің болуы.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       11. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2021 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
 

      12. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары кітапхана және ғылыми ұйымдармен, оның ішінде Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапханамен шарттарға қол қояды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2021 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 
 
 

      13. Электрондық тасығыштардағы оқу және оқу-әдістемелік әдебиет ретінде мынадай материалдар есептеледі:

      1) бағдарламада міндетті пәндер ретінде көзделген оқу ақпараты түріндегі оқулықтар мәтіндері, оқу-әдістемелік әдебиеттер;

      2) білімді компьютер техникамен диалогтық режимде меңгеруге арналған бағдарламалық оқыту құралдарды және цифрлық оқулықтар;

      3) мамандық пәндері бойынша студенттердің білімдерін аралық және қорытынды бақылауға арналған бағдарламалық тестілеу құралдары;

      4) оқытудың электрондық техникалық құралдарын пайдалана отырып, жазылған және көрсететін бейнефильмдер мен оқу материалдары.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2021 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
 

       14. Мемлекеттік білім беру ұйымдары кітапханаларының бірыңғай қоры түрлі тасымалдағыштардағы дәстүрлі қағаз және электрондық құжаттардан құралады және білім беру ұйымы кітапханасы жұмысының бағыттарына қарай сараланады. 

       15. Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің бірыңғай кітапхана қоры негізгі және оқулықтар қорынан құралады. 

      16. Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер кітапханаларының негізгі қорына:

       1) қосымша оқу-әдістемелік әдебиеттер, анықтамалық басылымдар, энциклопедиялар, сөздіктер, библиографиялық басылымдар; 

       2) білімнің барлық салалары бойынша ғылыми-көпшілік, ғылыми-танымдық басылымдарды, бағдарламалық және шолып зерделеуге, сыныптан тыс оқуға арналған көркем әдебиеттер қорын, сондай-ақ оқу бағдарламаларына енгізілмеген классиктер мен қазіргі заманғы жазушылар шығармаларын қамтитын тұлғаның өздігінен дамуына арналған әдебиеттер; 

       3) мұғалімдерге арналған педагогикалық және әдістемелік басылымдардың қоры енеді. 

      Ұйғыр, өзбек және басқа да тілдерде оқытатын мектептердің ұлттық мемлекеттік жалпы білім беретін кітапханасының негізгі қоры оқыту тіліндегі ұлттық баспа өнімдерінен құралады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2021 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 
 
 

      17. Оқу әдебиеті қоры деп оқулық және оқу-әдістемелік кешен санаты бар басылымдар тізбесі түсініледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2021 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
 

      18. Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің оқулықтар қорына негізгі ұсынбалы оқу әдебиеті: базалық, эксперименттік және сынақ оқулықтары, мектеп орфографиялық сөздіктері, математикалық кестелер, есептер, жаттығулар жинақтары және оқушыларға арналған практикумдар, дидактикалық материалдар енеді.

       19. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мемлекеттік арнайы мектептер кітапханаларының қорында көрмейтіндерге арналған бедерлі-кескінді жалпақ баспа қарпімен, нашар көретіндерге арналған ірі қаріппен басып шығарылған базалық оқулықтар толығымен ұсынылады. 

      20. Мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдары кітапханаларының қоры оқулықтар, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер, жеке тұлғаның өздігінен дамуына арналған әдебиеттер қорларынан құралады.

       21. Мемлекеттік жоғары білім беру ұйымдарының оқулықтар әдебиеттері қоры мемлекеттік білім беру ұйымының жалпы кітапхана қорының кемінде алпыс бір пайызын құрайды. 

      22. Меншікті баспаханаларда не бөгде баспаларда шығарылған оқу әдебиетінің меншікті басылымдары оқу, оқу-әдістемелік кешендерді қамтиды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2021 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
 

       23. Кітапханалардың ғылыми қорына мамандар даярлаудың бағыттарына және мамандықтарына сәйкес келетін зерттеулер саласын қамтитын монографиялық, ғылыми және ғылыми-өндірістік сипаттағы басылымдар енеді. 

      24. Ғылыми қорға, сондай-ақ, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, түсініктемелер, бағдарлама бойынша оқытылатын әдеби туындылар, мамандар даярлау бейініне сәйкес келетін салалық мерзімді басылымдар, оның ішінде мемлекеттік білім беру ұйымының хабаршылары, ғылыми еңбектер, халықаралық конференциялар жинақтары енеді.

      25. Жеке тұлғаның өздігінен дамуына арналған әдебиеттерге білім алушылардың мәдени және рухани қажеттіліктерін дамытуға арналған ғылыми-көпшілік басылымдар және көркем әдебиеттер енеді.

       26. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапхана қорында ұлттық баспа өнімдері толығымен ұсынылады. 

      27. Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде барлық оқушыларды әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен білім беру органдары оқу жылына болжайтын көлемде қамтамасыз ету жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2021 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       28. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2021 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
 

       29. Келесі оқу жылына мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің, арнайы мектептердің және дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы сыныптардың оқушылары мен тәрбиеленушілерінің болжамды санын кітапхана қоры арқылы оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен, оның ішінде цифрлық оқулықтармен даналар саны, атаулары, сыныптары және оқыту тілдері бойынша қамтамасыз ету қажеттілігін 30 қыркүйекке дейін жергілікті атқарушы органдар айқындайды. 

      Республикалық мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары мен тәрбиеленушілерін, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қажеттілігін Министрлік айқындайды.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2021 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 
 
 

       30. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханаларына түсетін жаңа түсімдердің көлемі: 

       1) мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің кітапханасы үшін: 

      жыл сайын қолда бар бірыңғай кітапхана қорының кемінде үш пайызы;

      соңғы бес-он жылда бүкіл оқулық кітапхана қорының кемінде жиырма бес пайызы.

      2) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханалары үшін:

      жыл сайын қолда бар бірыңғай кітапхана қорының кемінде үш-бес пайызы;

      соңғы бес-он жылда бүкіл оқулық кітапхана қорының кемінде жиырма бес пайызы.

      3) мемлекеттік жоғары білім беру ұйымдарының кітапханалары:

      жыл сайын қолда бар бірыңғай кітапхана қорының кемінде үш-бес пайызы;

      соңғы бес-он жылда бүкіл оқулық кітапхана қорының кемінде жиырма бес пайызы нормативтерге сәйкес болуы тиіс.

       31. Оқу басылымдары мен құжаттар мемлекеттік білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің жазбаша өтінімі бойынша, сондай-ақ алдын ала тапсырыс негізінде сатып алынады, ол пәннің атауын және оны оқып жатқан білім алушылардың санын көрсете отырып, ақпараттың библиографиялық көздері бойынша қарау және іріктеу арқылы жасалады. Кітапхана тапсырыс берілген басылымның данасын пәннің қамтамасыз етілуіне қарай түзетеді. 

      Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің кітапханалары:

       1) жыл сайын 25 мамырға дейін білім алушылар контингентіне оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер санының жеткіліктілігі тұрғысынан оқу қорына түгендеу жүргізеді; 

       2) 10 сәуірге дейін Ұлттық білім беру деректер қоры негізінде жалпы білім беретін мектептердің әдістемелік бірлестіктерінің шешімдері негізінде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде цифрлық оқулықтарды сатып алуға өтінімдер толтырады.