Мектепте білім алушыларды бір мезгіл тегін тамақтандыру ұйымдастырылды.

Мектепте аудандық білім бөлімінің 2022 жылғы 02 қыркүйек №285-Ө хатының негізінде "Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 21)тармақшасын,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға көмектің мөлшерін,көздерін,түрлерін және оны беру қағидаларын», «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысының» 1 тармағын басшылыққа ала отырып білім алушыларға бір мезгіл тегін тамақтандыру жұмысы ұйымдастырылды.Мектеп асханасындағы тамақтану ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес ұйымдастырылуы басты назарда болды.Асхана сыйымдылығы 18 оқушыға арналған,тегін тамақ ішетін білім алушылармен қатар басқа барлық оқушыларға ата-ана есебінен тамақтандыру ұйымдастырылды.Тегін тамақ ішетін балалар саны—5 оқушы.
Білім алушыларға тамақтандыру АББ-нің бекітілген ас мәзіріне сәйкес жүргізіледі,асхананың тазалығы талапқа сай ,ыдыстары жеткілікті.Ауыз сумен қатамасыз етілген.