№25 бастауыш мектебінің оқушыларының тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының 2019 жылдың І тоқсан бойынша қорытындысы туралы АҚПАРАТ » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №25 бастауыш мектебінің оқушыларының тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының 2019 жылдың І тоқсан бойынша қорытындысы туралы АҚПАРАТ
11
январь
2019

№25 бастауыш мектебінің оқушыларының тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының 2019 жылдың І тоқсан бойынша қорытындысы туралы АҚПАРАТ

№25 бастауыш мектебінің оқушыларының тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының 2019 жылдың
І тоқсан бойынша қорытындысы туралы
АҚПАРАТ



Қаралатын орны: №2 пед. кеңес 01.11.2019 жылы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына сәйкес «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы,ҚР денсаулық сақтау министірлігінің 2017 жылғы №611 Бұйрығының «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-әпидемиологиялық талаптар» негізінде комиссия төмендегі құрамнан тұрады:
1. Г.Б.Жасыбаева –мектеп меңгерушісі
2. Г.Ж.Суранчиева-ата-аналар комитетінің төрайымы
3. Т.Адамбекова- Арал қыстақ ауылдық амбулаториялық пунктінің медбикесі.
2019-2020 оқу жылында мектепте 34 оқушы білім алуда.Мемлекеттік әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан 9 оқушыларға мектепте тегін тамақтандыру ұйымдастырылған.Калған 25 оқушы ата-аналар есебінен тамақтанылады.
Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия және бракераж комиссия мүшелері құрылған.
Тамақтың сапасына, санитарлық талаптарға сай болуына Арал қыстақ бөлімшесінің медбикесі Т.Адамбековаға жауапкершілік жүктелінді.Шикі және даяр азық-түлікпен қамтамасыз ету ата-аналар құрамынан құрылған комиссия мүшелеріне жүктелді.Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 2019-2020 оқу жылына жылдық жоспар құрылған.
Ата-ана есебінен бір мезгіл тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша комиссия мүшелері мектеп оқушыларының денсаулық жағдайына назар аудара отырып, балалардың тамақтандырумен қамтылуына ай сайын атап айтқанда І тоқсан бойынша екі рет тексеріліп, мониторинг жүргізіліп,қорытынды ақпараты жасалынған.
Мектептегі мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының жұмыс кестесі құрылған: оның ішінде асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеру бойынша ақпарат жинақталған, тамақтандыру бойынша комиссияның отырысының хаттамалары тіркеп отыру және асханада кезекшілік ету кестесі көрсетілген.
Комиссия мүшелері ай сайын келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясы,тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығына,мектеп асханасында азық-түлік, дайын тағамдарды сақтау мерзімі мен шарттарының сақталуына мониторинг жүргізілді.
Мектеп асханасы 18 оқушыға есептелген.Тамақтану алдында үстелдерді асхана қызметкері жабады.Оқушыларға қол жууға арналған асхана үй-жайына раковиналармен жабдықталған.Асхана мен ас бөлімінің санитариялық жағдайы санитарлық-гигиеналық мөлшемдерге сәйкес келеді.Мектепте медбике штаты қарастырылмаған.Сондықтан қажетіне қарай Арал қыстақ ауылдық амбулаториялық пунктінің медбикесіТ.Адамбекова дайын тағамдардың сапасын органолептикалық бағалайды,сонымен қатар аспаздық тағамдар сапасын органолептикалық бағалау журналына жазып отырады.
Күн сайын асханаға мектеп басшысы бекіткен ас мәзірі ілінеді,онда тағам атауы,әр тағамның шығу мөлшері көрсетіледі.Ас бөлімінде аспазшы А.Бидасбаева дайын тағамдардың тәулік сынамасын алады.Тамақтандыру бір аусымда ұйымдастырылады.Мұғалімдер тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған,кестесі жасалынған.
Асхананы жалға алушы Т.Карабаев өз уақытында азық-түліктерді жеткізеді.Тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар бракераж журналына енгізіп отырады. Алайда екінші және үшінші айға жеткізілген азық түліктеріне растау қағазын (накладная) бермеген.Зерделеу кезінде жабдықтар жарамды күйде болды.Асханаға әкелінген азық-түліктер мерзімінен өтіп кеткені анықталған жоқ.
Ата-ана есебінен тамақтанатын оқушылар 100 пайыз қамтылмағаны анықталды.Атап айтқанда 24 оқушыдан осы күні 18 бала ғана тамақтанды.
Қорытындылар мен ұсыныстар:
Асхананың санитариялық-гигиеналық жағдайы ,жеткізілетін өнімдердің сапасы нормаларға сәйкес келеді.Тоңазытқыш-технологиялық жабдықтар жарамды.Азық-түлік пен дайын тағамдарды сақтау мерзімі мен шарттары сақталған.
Шешім:
Оқушылардың тамақтану сапасына ай сайын мониторинг жүргізу және тоқсан сайын мектеп сайтына салу.

Комиссия мүшелері:
1. Г.Б.Жасыбаева_______________
2. Г.Ж.Суранчиева________________
3.Т.Адамбекова_________________