"Білімдіге дүние жарық. Танып білу қуанышы: сүйсініп оқу" ата-аналарға арналған сабақ » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Білімдіге дүние жарық. Танып білу қуанышы: сүйсініп оқу" ата-аналарға арналған сабақ
20
октябрь
2023

"Білімдіге дүние жарық. Танып білу қуанышы: сүйсініп оқу" ата-аналарға арналған сабақ


Ата-аналарды педагогикалық  қолдау орталығының бағдарламасына сай мектепте ата-аналарға арналған сабақ өткізілді.Сабақ тақырыбы "Білімдіге дүние жарық. Танып білу қуанышы: сүйсініп оқу"


Сабақтың мақсаты: мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру.


Міндеттері:

1. ата-аналарды отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы орта құруға ынталандыру;

2. баланың мектепке бейімделуінің мәні мен ерекшеліктерімен таныстыру;

3. бастауыш сынып оқушыларының танымдық дағдыларының ерекшеліктерімен таныстыру;

4. баланың танымдық дағдыларын дамыту үшін диагностиканы, тренингтерді, жаттығуларды практикада қолдану дағдыларын дамыту.


Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:

Ынтымақтастық, ата-ана борышы, құрмет, жаңалық, білмекке құмарлық, креативтілік, прагматизм, эвристикалық, еркіндік.