13
май
2021
Аудандағы №25 бастауыш мектебіндегі қауіпсіздік шаралары және оқушылардың тәртіп мәселелері туралы АНЫҚТАМА
1)№25 бастауыш мектебінде 10 бақылау камерасы жұмыс жасайды.Олардың 6-уы мектеп ішінде, 4-уі мектеп сыртында орналасқан. Жалпы бақылауға күндізгі уақытта жауапты мектеп вахтеры Сматаева Жазира бекітілген.Жұмыс уақыты аяқталған кезде бақылау жауапкершілігін мектеп қарауылдарына табыстап кетеді. Камералардың видеоны сақтау мерзімі 30 күн. Жұмыс істемей тұрған камера саны жоқ.
- Мектепке келген оқушылардың сумкаларында қажетсіз, зиян тиюі ықтимал, кесетін, тесетін заттардың болмауын қадағалауға жауапты мамандар кестесі бекітілген. Олар сынып жетекшілер:Исалина Асел,Жугусова Бахиза,Иманбаева Нағима,Сахова Шарапат мектеп ережесініңің тәртібімен жұмыс жасайды.
- Мектеп аумағында немесе жақын жерде бос тұрған, қараусыз қалған ғимараттар, трансформатор сияқты нысандар жоқ.Мекте толық қоршалған,кіреберіс есігі құлыптанады.
- Ата-аналар мен сынып жетекшілерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.Оған 27 ата-ана қатысып, ата аналармен сұхбат жүргізіп,қауіпсіздік шаралар туралы және оқушылардың тәртіп мәселелері бойынша сұрақтарға жауап берілді. Сондай-ақ, оқушылардың тәртібі, кешкі уақытта қараусыз қалмауы,жалғыз жүрмеуі,жазғы демалыс күндері балалардың ата-анасыз ешқайда қыдырып кетпеуіне,түнгі мезгілде жүрмеуі туралы айтылды.