«Тиімді тамақтану-денсаулықтың негізі» атты ашық есік күні » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тиімді тамақтану-денсаулықтың негізі» атты ашық есік күні
27
февраль
2020

«Тиімді тамақтану-денсаулықтың негізі» атты ашық есік күні

        «Тиімді тамақтану-денсаулықтың  негізі»  атты   ашық  есік  күні

      №25 бастауыш  мектебінде   тамақтандыру  жұмыстарын  ұйымдастыруды   жетілдіру ,тиімді   тамақтануды  насихаттау  мақсатында 2020 жылы 14  ақпан   күні  «Тиімді  тамақтапу – денсаулықтың негізі» атты  ашық   есік   күні   өткізілді. Аталған іс-шара  дұрыс   тамақтанудың  маңыздылығы  жөнінде   барлық  мүдделі  тараптардың, әсіресе  мектеп   жасындағы  балалардың  ақпараттылық    деңгейін  көтеру, мектепте оқушылардың  денсаулығын  сақтау   және нығайту  үшін  жағдай   жасауға  ықпал  ету   мақсатында ұйымдастырылып, өткізілді. Мектебімізде осыған орай  жоспары   жасалынды.Ашық есік күн 14.02.2020   жылы  мектеп  жасындағы   балалардың  тамақтану  режимі   туралы, аурудың  алдын  алудағы   дұрыс тамақтанудың маңыздылығы   жайында,тез  даярланатын   тағамдардың   кері  әсері  туралы   лездеме  өткізіліп, оқушыларға  балалардың, оның  ішінде оқушылардың  денсаулығын   нығайту  мақсатында  ДДҰ ұсынған   үйлесімді  тамақтанудың  12 қағидасын   ұстану  маңыздылығы   және   аурулардың, оның  ішінде  жедел   ішек  инфекциясының  алдын  алу   мақсатында  қауіпсіз  тамақтанудың 5  қағидасы  туралы   ақпараттар  берілді.Лездемеге  мектеп   меңгерушісі, ауылдық медициналық пунктінің  медбикесі, сынып  жетекшілер   және  барлық  мектеп   оқушылары  және  ата –аналары   қатысты.                                                                                                   «Дұрыс  тамақтанудың   маңыздылығы» тақырыбында  семинар өткізілді.Тиімді  тамақтану  күні «Фаст   фуд-жақтау   және  даттау» тақырыбында  4 сынып   оқушыларының   арасында  дебат өтті. Дебатқа  4 сынып   оқушыларынан  құрылған  екі   топ  қатысты . Жақтау  және   даттау  топтары  жақсы   дайындалып  келген. Даттау  тобы   фасфуд зияндылық  туралы  нақты    мәліметтер айтып  дәлелдеді. Дұрыс  тамақтану ұлтты   сауықтырудың   басты  бөлігі болып  табылады   және  аурулардың алдын  алады. Топтар   алғыс хаттармен  марапатталды. Бастауыш сынып мұғалімі Б.Жугусова «Ақылмен    тамақтан» тақырыбында  2-3  сынып   оқушыларынан  диктант  алды. Диктант   оқушыларға  дұрыс  тамақтану   үшін гигиеналық  ережелерді  сақтау   жолдарын   түсіндіру, ақылмен , тиімді  әрі  режиммен   тамақтануды  үйрету   мақсатында   алынды. Диктантқа  барлығы  15 оқушы   қатысты. Сонымен  қатар  1- сыныпта «Дұрыс  тамақтану мәдиниеті» , 3-сыныпта «Дұрыс  тамақтану   пирамидасы» тақырыбында    сынып  сағаттары  өткізілді. Жалпы  №25   бастауыш  мектебінде  тамақтандыруды  ұйымдастыруға   байланысты  өткізілген  ашық есік   апталығының  нәтижесінде  үйлесімді   және  дұрыс  тамақтану   жөнінде  оқушылардың  және   ата –аналардың  ақпараттылық  деңгейі   артты.Тиімді  тамақтану  сапалық    білім  алудың  негізі   екендігі  жөнінде  ақпараттық, насихаттау  жұмыстары   жүргізілді.


Ашық есік күнінен көріністер