№25 бастауыш мектептің ашылуы 02.09.2017 жылы » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » №25 бастауыш мектептің ашылуы 02.09.2017 жылы
02
сентябрь
2017

№25 бастауыш мектептің ашылуы 02.09.2017 жылы

№25 бастауыш мектебінде өткізілген білім күні туралы мәлімет.
Білім күні Андас батыр ауылы , Арал-қыстақ бөлімшесінде ескі мектеп ғимаратының орнына жаңа 50 орындық мектеп ғимараты соғылып,қолданысқа беріліп отыр .Бұл мемлекеттің білім саласына орасан зор қаржы бөліп ,назар аударуының нәтижесі.Мектебіміздің ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Орынбеков Бекболат Серікбекұлы ,Меркі ауданының әкімі Өмірбеков Мейірхан Азатұлы ,аудандық білім бөлімінің басшысы Есенов Сәкен Бөрібайұлы тағыда басқа құрметті қонақтар болды.Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Орынбеков Бекболат Серікбекұлына сөз беріліп, балаларды білім күнімен құттықтап,мектеп ұжымына комьпютер принтерімен табыс етті.Бүгінгі салтанатты мерекемізге аудан ,облыс басшылары тарапынан көрсетіліп жатқан баға жетпес үлкен көмегі үшін,Арал –қыстақ ауыл тұрғындары атынан ауыл ақсақалы Жұғысов Таубай атамыз сөз сөйлеп,батасын берді.Келген қонақтар мектебіміздің жаңа ғимаратымен танысуға ішке кірді.Қонақтардың құрметіне «Шаттық» биі биленді.Бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушыларының әдеби монтажы тыңдалды.Ортаға 1- сынып оқушысы Темірбек Аяна «Озат оқушы боламын» әнін орындады.Мектебіміздің алғашқы қоңырауын соғуды 1-сынып оқушылары Алиев Левент пен Ханаева Розаға берілді.Қоңырау соғылған соң сынып жетекшілері өз сынып оқушыларын алып, 2017-2018 оқу жылының алғашқы «Мен -Патриотпын» сабағын өткізді.


№25 бастауыш мектептің ашылуы 02.09.2017 жылы№25 бастауыш мектептің ашылуы 02.09.2017 жылы