01
февраль
2019
"Рәміздерім-мақтанышым!" іс-шара 2017 жылы
«ҚР мемлекеттік Әнұраны және мемлекеттік Елтаңбасы,Туының шығу тарихы» тақырыбындағы ақпаратты күнін өткізу туралы ақпарат
«ҚР мемлекеттік Әнұраны және мемлекеттік Елтаңбасы,Туының шығу тарихы» тақырыбындағы ақпаратты күн өткізілді.Іс- шараны өткізу жоспары құрылып,жауапты мұғалімі Ерназарова Самал барлық сынып оқушыларымен мектеп фойесінде тәрбие сағатын өткізді.Тәрбие сағаты оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту, Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу мақсатында өткізілді.Оқушылардың назарын видеокөрсетілімге,суреттерге және мемлекеттік рәміздердің шығу тарихына аудара отырып,әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені, мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіретіні,осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек екені туралы айтылды. Іс- шара өткізу барысында барлық сыныптарда бөлек ашық сынып сағаттары өткізілді.Атап айтқанда, Бірінші және мектепалды даярлық сыныптарында«Рәміздерім –мақтанышым!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілсе,2 сынып жетекшісі Алметова Алия «Государственные символы –ел мәртебесі»,Иманбаева Нағима 3 сынып оқушыларымен «Менің елімнің рәміздері» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді.