Ата-аналар жиналысының хаттамасы » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Ата-аналар жиналысының хаттамасы
31
август
2021

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№25 бастауыш мектебі» отдела образования Кордайского района



Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысының

№1 хаттамасы


Арал қыстақ ауылы                                                                                    31.08.2021 жыл

Қатысқаны : 20 

Қатыспағаны : 6

Жиналыс  төрайымы: Г.Б.Жасыбаева  

Хатшы : Д.Дауелова

Күн тәртібінде:


1. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепте 2021-2022 оқу жылындағы дәстүрлі (штаттық)  оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

                                                                        Мектеп меңгерушісі:Г.Жасыбаева

2.Мектеп оқушылардың формасы туралы

                                                                         ӘБЖ  Н.Иманбаева

3.Оқушының қауіпсіздігі туралы

                                                                       Мектеп меңгерушісі:Г.Жасыбаева          

4.Ата-аналар комитетін сайлау,жұмыс жоспарымен таныстыру.

                                                                        Мектеп меңгерушісі:Г.Жасыбаева


Тыңдалды:

1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп меңгерушісі Г.Жасыбаева ата-аналарға баяндама жасады.Баяндау барысында 2021 -2022 оқу жылы мектеп оқуды дәстүрлі формада,яғни штаттық форматта бастайды.Сондықтан ең алдымен Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қаулысымен таныстырды. Қаулы негізінде оқушылар санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау, педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы,мектепке кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағыбілім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу), маска режимін сақтау, педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісін (байланыссыз термометрмен термометрия) жүргізу,бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.) туралы айтып өтті. Бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады.Сонымен қатар сабақ кестесі оқушылардың бір-бірімен жанаспас үшін сыныптардың сабақтары әр түрлі уақытта басталып және аяқталады.Мектепалды даярлық сынып оқушыларын және 1-ші сыныпқа келген оқушыларды сабақ аяқталған кезде сынып жетекшілер тек ата-ананың қолына табыстап жіберу міндетті деп ескертті.Сабақтың ұзақтылығы 45 минут болып белгіленді.

       2.Екінші мәселе бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі Н.Иманбаева оқушылардың мектеп формасы туралы айтып өтті.Биылғы оқу жылында оқушыларға тек мектеп формасында ғана емес,сонымен қатар классикалық стильдегі киімде келуге рұқсат етіледі.Біл шешімді еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды есере отыра тек осы оқу жылы үшін қабылданған.Сондықтан ата-аналарға балаларын мектепке бар болса форма киіп келуге,сатып алуға мүмкіншілігі болмаса классикалық стильдегі киіммен қамтамасыз етсеңіздер болады деп түсіндірді баяндаушы.

     3.Үшінші мәселе бойынша мектеп басшысы баяндама жасады.Өз сөзінде мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне мектепте болған кезде ең бірінші мектеп басшысы жауапты.Сондықтан ата-аналардың назарына мектеп ережесін ұсынды.Ереженің мақсаты:мектепте оқушыларға қолайлы жағдай туғызу және мектеп маңайында оқушылардың жүріп тұруына қауіпсіздік жасау.Сабақ кезінде мұғалімнің рұқсатысыз мектептен өз бетінше кетуге болмайды,мектепке және оның маңайына жарылғыш,жаңғыш,сұйық заттарды,пиротехникалық бұйымдарды,газ баллондарды,уландыратын заттарды әкеліп пайдалануға қатаң тыйым салынады.Мектеп ғимаратының ішінде терезенің алдына,шкафтың үстіне шығуға,басқа оқушыларды итеруге,электрлік шкафтарды ашуға тыйым салынады.Тек мектеп ішіндегі әжетханаға кіру керек,сырттағы әжетханаға құлып салынады.Осы ережелерді үйге барғанда әр ата-ана балаларына ескертіп отырса,мектепте мұғалімдер қайталап отырса,оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтауға мол ықпалын тигізеді  деп ойлаймын.

     4.Соңғы мәселе бойынша мектеп басшысы мектептің ата-аналар комитетінің мүшелерін сайлауға ұсыныс жасады.Комитет 5 адамнан құрылады,әр сыныптан   бір  ата-ана комитет мүшесі болып кіреді.Келесі тізімдегі ата-аналар мектепішілік ата-аналар кеңесінің құрамына кіргізуді ұсынды:

1)Ерназарова Сандуғаш-2 сынып 

2)Бидасбаева Айгерим-0 сынып

3)Турлугулова Эльмира-3 сынып

4)Дауелова Динара-1 сынып

5)Алиева Лютфия-4 сынып




Сөйлегендер:

1.А.Алметова-1 сынып мұғалімі:

2021-2022 оқу жылы мектеп оқуды дәстүрлі формада,яғни штаттық форматта басталатынына қуаныштымыз.Бас санитариялық дәрігердің қаулысын міндетті түрде орындау керекпіз.Ең бірінші санитарлық талаптарды орындауды басшылыққа алуымыз керек.Өткен жылдағы білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру жұмыстарын жүргізуіміз керек деп санаймын.

      2.Б.Жугусова -4 сынып мұғалімі:

Өз сөзінде оқушылар қауіпсіздігіне ерекше назар аударуы керек екенін айтты.Баланың білім алуы мен қатар,оның өмір қауіпсіздігіне де жауапты екенімізді ұмытпаумыз керек.Ереже сақтауды оқушылардан талап етуді күшейтуіміз керек.


Қабылданған шешім:

1.Педагогтарды, персоналды, ата-аналар мен оқушылардың санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау жұмыстары талапқа сай орындалсын.

   2.Школьникам  мектеп формасында ғана емес,сонымен қатар классикалық стильдегі киімде келуге рұқсат етілсін.

  3.Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы талаптар ережеге сай жүргізілсін.

  4.Мектепішілік ата-аналар кеңесі төменгі құрамда бекітілсін:

1)Ерназарова Сандуғаш-2 сынып ата-анасы

2)Бидасбаева Айгерим-мектепалды даярлық   сынып ата-анасы.

3)Турлугулова Эльмира-3 сынып ата-анасы

4)Дауелова Динара-         1 сынып ата-анасы

5)Алиева Лютфия-           4 сынып ата-анасы



Жиналыс төрайымы:                                        __________ Г.Жасыбаева

Хатшы:                                                                  __________  Д.Дауелова


Похожие публикации:

05 сентябрь 2018 Бұйрық №25