Хаттама №2 » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
январь
2019

Хаттама №2

Хаттама №2
Арал қыстақ ауылы 06.01.2019 жыл

№25 бастауыш мектебінің бракераж комиссиясының отырысы

Қатысқандар:3
Қатыспағаны:жоқ
Күн тәртібінде:
1.Мектеп асханасының санитарлық жағдайы.
2.Тамақтандыруда әзірленген астың сапасы.
Тыңдалды:
1.Г.Б.Жасыбаева - мектеп меңгерушісі сөз алып бірінші мәселе бойынша комиссия мүшелерінің ІІ тоқсан барысында 20 желтоқсан күні жүргізілген рейд қорытындысымен таныстырды.Рейд жүргізудің мақсаты:асхананың санитарлық жағдайын бақылау,азық-түлік сапасын тексеру,тамақтың дайындау технологиясын,асхананың тоңазытқыш-технологиялық жабдықтарын тексеру,дайын тамақ пен азық-түліктің сақталу талаптарының орындалуын тексеру.Рейд қорытындысы қанағаттанарлық болып табылды.Тексеру барысында ешқандай кемшіліктер анықталған жоқ болып шыққаны туралы баяндады.
2. Т.Адамбекова-медициналық қызметкері:
Асханада бір аспазшы жұмыс атқарады.Оның медициналық кітапшасында жұмысқа жарамдылық рұқсаты бар.Асхананың санитарлық жағдайы жақсы,ылғалды жинау жұмыстары дер кезінде жүргізіледі.Терезенің алды,үстелдер,стеллаждар,ыдыстар өз орнында таза,еден жуылған,асхана іші таза,тазалығы үнемі бақылауда болып тұрады деп хабарлады.
Сөйлегендер:
1.Г.Суранчиева-комиссия мүшесі:
Комиссия мүшесі ретінде рейд кезінде асхананы жалға адлушы Т.Карабаев азық-түлік кестеге және сұранысқа сай әкелінеді.Бірақ сертификаттарының жоқ екенін ескертті.
Сонымен қатар картоп,сәбіз сияқты көкөністерді нормаға жеткізілмей әкелінетінін анықтадық,мысалы сәбіз 1 килеге,картоп та 1 килеге жеткізілмей келгенін анықтадық деп мәлімдеді.Дайын тамақтың сапасы жақсы,әр оқушыға нормамен беріледі.

Қабылданған шешім:
1.Асхананы жалға алушы жеке кәсіпкер Т.Карабаевтың тарапынан азық-түліктердің көлемін нормаға сай жеткізілуін ескертілсін.
2.Бракераж комиссияның жұмысы жоспарға сай жүргізілуі жалғастырылсын.



Комиссия төрайымы: Г.Б.Жасыбаева.
Хатшы: Г.Суранчиева.