Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
15
март
2019

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

Арал қыстақ ауылы 15.03.2019 жылы

Комиссия отырысына қатысқандар – 3 адам:

1.Комиссия төрайымы – Г.Б.Жасыбаева
2.Г.Суранчиева- ата-аналар комитетінің төрайымы
3.Т.Адамбекова –медициналық қызметкер.
Күн тәртібінде:
1.Оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жөніндегі комиссия мүшелерінің есебі.
Тыңдалды:
Комиссия төрайымы- Г.Б.Жасыбаева:
Мектепте оқушыларды тамақтандыру жұмысы ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылдың 31 қазандағы №598 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Орта білім ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету тәртібін орындау мақсатында мектепте тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия тоқсан сайын кезекті есебін беріп отыр. «Мектепте оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» мектептің №25 бұйрығына сәйкес мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия өз жұмысын жалғастыруда. Ыстық тамақпен оқушылардың тамақтануына жауапкершілік сынып жетекшілерге жүктеліп, 1-қыркүйек пен 25-мамыр аралығында 1 санат бойынша АӘК алатын отбасы балаларынан – 7 бала және 2 санат бойынша – алқа шешімімен аз қамтылған отбасынан 2 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылғанын айтты. Жоғарыда аталған 9 оқушыларға бір ауысымда бекітілген кестеге сай мектеп асханасында бір мезгіл тегін ыстық тамақ беріледі. Күнделікті оқушыларға берілетін тамақ белгіленген ас мәзіріне сәйкес әзірленеді. Ата-аналар тарапынан шағымдар жоқ.

Сөйлегендер:
Т.Адамбекова- медбике:
Асханада оқушыларға әзірленген тамақтар мен тағамдардың сапасы күнделікті бракераж комиссиясы тарапынан тексеріліп, арнайы «Асханада дайын тағамның сапасын анықтау актісі» журналына тіркеліп отырылады. Мектеп асханасы талапқа сай жұмыс жасайды. Асханада комиссия тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып, үнемі қадағалануда. Тамақтандырудың сапасы жақсы, нормаға сай. Асхананың тазалығы санитарлы-эпидемиологиялық талапқа сай. Асхана қызметкері А.Бидасбаева санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтайды. Оның денсаулығы күнделікті тексеріледі, журналға тіркеледі.Бақылау тағамы, тәуліктік сақтау нормалары сақталады. Азық түліктің сертификаттары бар. Шикізат өнімдері дұрыс сақталады.
Комиссия мүшелері асхана жұмысын жан-жақты тексеріп, төмендегідей шешім қабылдады.
Шешімі:
1.Мектепте тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының бақылау жұмысы жалғастырылсын.
Комиссия төрайымы: Г.Б.Жасыбаева.
Хатшы: Г.Суранчиева.

Похожие публикации:

27 март 2019 Хаттама №3
06 январь 2019 Хаттама №2
24 октябрь 2018 Хаттама №1
05 сентябрь 2018 Бұйрық №25