«Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» педагогикалық оқу
«Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты»
педагогикалық оқу
Б А Я Н Д А М А
Тақырыбы:
«Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникативті технологияларды қолдану»
( аудандық кезең)
Баяндаманы дайындаған:
№25 бастауыш мектебінің мектепалды даярлық сыныбының
Мұғалімі Сахова Шарапат Сагатбековна
ЖОСПАР
1.Ақпараттық – коммуникативтік технологияны мектепалды даярлық сыныбында қолдану ерекшелігі.
2. АКТ-ның көмегімен ұйымдастырылатын жұмыс бағыттары
3. Қорытынды
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ақпараттық коммуникативті технологияларды қолдану
Бүгінгі таңда оқу-білім жүйісі экстенсивті де, интенсивті де өзгеріске ұшырауда:
1)мектепке дейінгі, мектептегі білім алу шеңберінен шығып, ересек адамдар да білімін жетілдіруді жалғастыра береді;
2)білім беру қызметін ұйымдастырудың формаларын, әдістерін жетілдіру. Қазіргі заманда ғылыми жаңалықтарды жай ғана оқу курстарына кірістіріп қоя салу жеткіліксіз. Инновациялық үрдістермен жаңашалау қажет. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Осындай сұрақтар төңірегінде мектепалды даярлық сыныптарында іс-әрекеттерді ұйымдастыру тиімді болады,соның бірі мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ақпараттық коммуникативті технологияларды қолдану.
2021-2022 оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау болып табылады.Баланың жан-жақты дамуына АКТ пайдалану зор ықпалын тигізеді деп ойлаймын.
- Білім беру мен баланың дамуын ұштастыруын төменгідей белгілесе болады:
Ақпараттық – коммуникативтік технологияны мектепалды даярлық сыныбында қолдану – қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті мәселесі болып отыр. Компьютерлік технология біртіндеп мектепке дейінгі білім беру жүйесіне білім берудің аса тиімді тәсілі ретінде жәймен еніп келе жатыр. Бұл заманауи әдіс оқуға деген қызығушылықты арттырып, өз бетінше жұмыстануға тәрбиелеп, интеллектуалдық қызметін дамытады, қазіргі заманның рухында дамуға жол ашып, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің оқу – тәрбие жұмысын сапалы түрде жақсартуға мүмкіндік туғызып, оның тиімділігін арттырады. Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың өзектілігі ақпараттық қоғамның қарқындылығымен, мультимедиялық технологиялар, электрондық ақпараттық қорлардың кеңінен тарауы, оқытуда, қарым – қатынас жасауда және тәрбиелеуде желілік технологиялардың мәжбүрлі қолданылуында болып отыр. Осыған байланысты АКТ – ны мектепке дейінгі оқыту процесінің ажырамас бөлігі деп сеніммен айтуға болады. Бұл балалардың жаңа ұрпағына үйреншікті және қолжетімді болып қана қоймай, сонымен қатар қазіргі заман педагогтарына өте қолайлы.
АКТ – ның біріктірілуі технологияның екі түріне байланысты:
Өз жұмысында компьютерлік технологияларды қолдану педагогке көмектеседі:
- енжар тыңдаушыларды белсенді түрде қызмет етуге тартады;
- оқыту қызметінің одан да көрнекі әрі жедел болуына;
- балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға;
- танымдық қызығушылық белсенділігін арттыруға;
- тәрбиешінің өзін тәртіпке шақырып, оның жұмысқа деген қызығушылығын арттырады.
- ойлау процесін жеделдетеді.
АКТ кез – келген педагогтың әдістемелік көмек сұрап ақпараттық кеңістікке тікелей шығуына, өз тәжірибесін таратуға мүмкіндік береді. АКТ тәрбиешіге әртүрлі әдістемелік бірлестіктерде кеңірек пікір алмасуға мүмкіндік береді, мысалы бейне - шебер сыныптар т. б, қағазбен жұмыстың мөлшері азаяды, өйткені жазба хабарламалардың бәрі құрылып, электронды түрде сақтаулы болады, көрнекі – дидактикалық құралдарды дайындауға да көп уақыт кетпейді. АКТ – ның көмегімен өзіндік кәсіби дамуға қолайлы жағдай туады: электронды оқулықтар, мақалаларды қолданып, Интернет желісінде электронды пошта арқылы әріптестермен пікір алмасулар жүргізуге болады. АКТ – ның көмегімен тәрбиеленушілердің ата – аналарымен хабарласып, қарым – қатынас жасау тиімді екендігі шындық.
АКТ – ны қолдану:
- педагог балалармен өткізілетін ұйымдастырылған оқу қызметтеріне көрнекіліктер таңдап алады;
- қосымша танымдық материалдарды таңдап алады;
- тәжірибе алмасып, басқа педагогтармен танысады;
- топтың құжаттарын, есеп берулерді көркемдейді;
- Рower Рoint бағдарламасы бойынша презентациялар әзірлейді.
Бүгінгі күні АКТ:
- ақпараттарды экранда ойын түрінде көрсетеді, бұл балалардың жоғары қызығушылығын туғызады, өйткені ол мектепке дейінгі жастағылардың негізгі қызметі – ойынға жауап береді.
- мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлау қабілетіне сәйкес материалды көрнекті, түсінікті етіп қолжетімді түрде ұсынады;
- материалды көп мөлшерде жүктемей, қозғалысымен, дауысымен және мультипликациясымен балалардың назарын өзіне аударады;
- мектепке дейінгі жастағы балалардың зерттеушілік қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, дағдылары мен таланттарын дамытуға мүмкіндік береді;
- балаларды есептің шешімін тапқанда, қиындықтарды жеңген кезде марапаттап отырады.
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеті — жеке тұлғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға дегеп қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға - Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Қоғам талабы - заман талабы, өйткені «Әр адам-өз заманының баласы», сәбиді есті, сергек, саналы етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық орындарының бірден-бір парызы. Сондықтан қазіргі оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет-мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы болып есептеледі. Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылтын ұғымдардың біріне айналды.
Мұндай жағдайда тәрбиешінің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады. Мектепалды даярлық оқушылары үшін мектептегі мұғалім олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс – қимылына, жүріс – тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым – қатынасына еліктейді. Сондықтан да жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алатындығы болашақ маман даярлауға үнемі күн тәртібінің өзекті мәселесі.
Мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды қолдану педагогтың шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашып, мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық дамуының әртүрлі жақтарының дамуына оң әсерін тигізеді. Оқу қызметінің жоғарғы динамикасы балалардың материалды тиімді меңгеруіне, есте сақтауларын, қиялдауын және шығармашылығының дамуына септігін тигізеді. Слайд – шоулар мен бейнефильмдер қоршаған ортадан бақылауларды: гүлдің өсуі, планеталардың Күнді айналуы, толқынның қозғалысы, жаңбырдың жаууы сияқты мезеттерді көруіне мүмкіндік береді.
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Оларды ғылыми тілмен айтқанда «инновациялық процесс» немесе «педагогикалық жаңалықтарды енгізу» деп аталады. Инноватика ұғымының мәні латынның «in-novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту, жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни, педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалану.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі – мультимедиялық оқулықтарды кеңінен пайдалану оқу іс-әрекеттерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін өткізер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары айқын.
Мультимедиялық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Мультимедиялық оқулықтар балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге, яғни, әдемілікке, әсемдікке әуес болады. Кез келген сабақта әр түрлі әдемі, ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникативті технологиялар мектепке дейінгі жастағы балаларға білім берудің ең тиімді құралы болып келе жатыр. АКТ-ны пайдалану мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу әрекетінің мақсаттылығын дамытуға және жекелеп оқытуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық коммуникациялық технологияның көмегімен ұйымдастырылған оқу қызметін қалай өткізуге және не істеуге болады деген сұраққа мынандай бағыттарын ұсынуға болады:
-Илюстративті (насихаттық) көрнекіліктер
-Ақпараттық видео роликтерді құру және көрсету
-Слайд шоу,ертегілер
-Электронды ойындар
-Электронды логикалық тапсырмалар
-Ғажайыпстанға саяхат.
-Электронды слайд шоу
-Электронды дыбыстар
-Айналамен таныстыру,экология бойынша бейне сюжеттер
-Биленгвалды компоненттерге арналған слайд шоу
Қорыта айтқанда, ақпараттық технологиялар баланы оқыту мен дамыту процесін тиімді етіп, балаға да, педагогке де білім берудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.