№25 бастауыш мектебінің бракераж комиссиясының отырысының №1 Хаттамасы » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №25 бастауыш мектебінің бракераж комиссиясының отырысының №1 Хаттамасы
27
февраль
2020

№25 бастауыш мектебінің бракераж комиссиясының отырысының №1 Хаттамасы

№25 бастауыш мектебінің бракераж комиссиясының отырысының
№1 Хаттамасы

Арал қыстақ ауылы 10.10.2019 жыл


Қатысқандар:3
Қатыспағаны:жоқ
Күн тәртібінде:
1.Оқушылардың мектеп асханасында бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы.
2.Асхананың санитарлық жағдайы,асхана жұмысшыларының тазалығын,денсаулығының санитарлық талаптарының орындалуы.
Тыңдалды:
1.Г.Б.Жасыбаева - мектеп меңгерушісі сөз алып бірінші мәселе бойынша биылғы оқу жылына арналған оқушыларды тамақтандыру бойынша іс-шаралар жоспары жасалынғаны,бракераж комиссия құру туралы бұйрық шығарылғаны туралы,бұйрық негізінде комиссия мүшелері болып жауапты адамдар бекітілгені және олардың атқаратын міндеттері туралы айтып өтті.Бір мезгіл ыстық тамақпен атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы балаларының ішінен 9 оқушы қамтылғаны туралы және мектепте ата-ана есебінен тамақтандыру жұмыстары туралы ескертті.
Сөйлегендер:
1.Т.Адамбекова-медициналық қызметкер:
Асхананың санитарлық жағдайы нормаға сай. «Астарың дәмді болсын!» бұрышы ұйымдастырылған.Ас мәзірі белгілі бір күнге жасалынған,сол күнгі тағамдар тізбесі көрсетілген.Аспазшының денсаулығын тексеріп,шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына күнделікті бақылау жүргізіліп отырылады,асхананың санитарлық жағдайы,аспазшының сырт киімі санитарлық талапқа сай.Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.Асхана барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.Көкөніске,дайын өнімдерге,шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған.Шағымдар мен ұсыныс кітабы жүргізіледі.Қол жууға да жағдай жасалынып қойылған,сүлгілері мен сабындар бар.

Қабылданған шешім:
1.2019-2020 оқу жылында 1-4 сынып білім алушылар арасында тегін және ата-аналар есебінен бір мезгіл ақылы тамақтандыру ұйымдастырылсын.
2.Бракераждық комиссияның жұмысы жоспарға сай жүргізілсін.


Комиссия төрайымы: Г.Б.Жасыбаева.
Хатшы: Г.Суранчиева.