Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі 21.09.2023 жылы » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі 21.09.2023 жылы
21
сентябрь
2023

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі 21.09.2023 жылы











Мерзімі:21 қыркүйек 2023 жылы

    №25 бастауыш мектебіндегі білім алушылардың тамақтану сапасына бағалау жөніндегі бракераж комиссия мүшелері асханаға рейд жүргізді.Комиссия мүшелері рейд барысында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісін жасады.

Мектепте 34 білім алушылар тегін екі кезеңмен кезектесіп тамақтанады.

Мектепте асхана ертеңгі сағат 08.00-ден бастап 11.30-ға дейін жұмыс істейді.Бірінші кезеңде сағ 09:35-09:50 сағат аралығында 1-ші және 2-ші сынып оқушылары,ал 10:35-10:50 сағат аралығында1-ші және 2-ші сынып оқушылары тамақтанады.

     Асхананың санитарлық жағдайы талапқа сай.Тазалық толық сақталған.Дайын өнім сапасы дұрыс.Тексеріс барысында тағамдардың салмағы нормаға сай,тағамдардың үлес салмағы дұрыс сақталған,құрамында ассортиментте   білім бөлімінің бекітілген айлық ас мәзіріне сәйкес.

     Аспазшы А.Бидасбаеваның денсаулығы күнделікті тексеріледі,сыртқы киім үлгісі барлық талапқа сай,медтексеруден өткен,мерзімі жарамды.

Ыдыстар толық жеткілікті,ыдыстарды жууға толық жағдай жасалынған.Көкөністерге,шикізаттарға арнай сөрелер жасалған,жазу таңбалары қойылған.Тамақтың тәулік сынамасы алынған,арнайы шиша ыдыстарда сақталған.Шикізаттар мен жеткізілген азық-түліктің сапасы жақсы,мерзімдері өтілмеген. 

 Сонымен қатар балалардың тұтуына рұқсат етілмейтін тағамдарды (чипсы,газдалған су,энергетикалық сусындар,құрамында консерванттар бар тағамдар) сатуға жол берілмейді.