Мектепте оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссия жұмысының қорытынды » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепте оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссия жұмысының қорытынды
28
февраль
2020

Мектепте оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссия жұмысының қорытынды

Мектепте оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссия жұмысының қорытынды
АҚПАРАТ


Мерзімі: ІІ тоқсан 06.12.2019 жыл
Қаралатын орны: №3 педкеңес
Мектеп асханасында комиссия мүшелері зерделеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде төменгідей қорытынды ақпарат жасады:
1)Асханаға тегін тамақ берілетін оқушыларға жеке кәсіпкер «Қарабаев-Т» азық-түлікпен қамтамасыз етеші ретінде аптасына 1 рет азық-түліктерді жеткізеді.Бірақ сол азық-түліктерді жеткізілгені туралы растайтын құжат (накладная) берілмеген.
2)Мектеп асханасына жеткізілген тамақ өнімдерін дайындау технологиясы талапқа сай.
3)Тоңазытқыш жарамды жағдайда.Тез бұзылатын тамақ,атап айтқанда шикі ет
(-60 С) температурада тоңазытқыш камерасында сақталынған.
4)Тамақ өнімдердің сақтау мерзімі көрсетілген,жарамдық мерзіміне сай.
5)Шикі және дайын өнімдер бөлек сақталынған.
6) Ата-ана есебінен тағамдарды витаминделмеген.
7)Асханада аспазшы А.Бидасбаева жеке гигиена талаптарын орындайтыны анықталды.
8)Әр сыныпқа азық-түлікті сатып алу және оны мектеп асханасына жеткізу бойынша кезекшілік кестесі жасалған.Жеткізілген азық-түліктерге қабылдап алу актісі апта сайын жасалынып,аспазшы А.Бидасбаеваға тапсырылады.
9)Асхана мен ас бөлімінің санитариялық жағдайы санитарлық-гигиеналық мөлшемдерге сәйкес келеді.
10)Мектепте медбике штаты қарастырылмаған.Сондықтан қажетіне қарай Арал қыстақ ауылдық амбулаториялық пунктінің медбикесі Т.Адамбекова дайын тағамдардың сапасын органолептикалық бағалайды,сонымен қатар аспаздық тағамдар сапасын органолептикалық бағалау журналына жазып отырады.
Ақпарат дайындағандар:тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері:
1.Г.Б.Жасыбаева –мектеп меңгерушісі__________________________
2.Г.Ж.Суранчиева-ата-аналар комитетінің төрайымы______________
3.Т.Адамбекова- Арал қыстақ ауылдық амбулаториялық пунктінің медбикесі_________________________________________________