Мектепте оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының отырысы » №25 бастауыш мектебі Арал-Қыстақ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№25 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепте оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының отырысы
28
февраль
2020

Мектепте оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының отырысы

Мектепте оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг
жүргізу комиссиясының отырысы
№2 Хаттамасы


Қатысқаны:3
Арал қыстақ ауылы 24.12.2019 жылы

Қатыспағаны:жоқ

Күн тәртібінде:
1. Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссия жұмысының 2019-2020 оқу жыл ның ІІ тоқсан бойынша қорытындысы.
Тыңдалды:
1.Г.Суранчиева- мониторинг жүргізу комиссия мүшесі:
Комиссия мүшесі ата-аналар комитетінің төрайымы Г.Суранчиева өз сөзінде балаларға тамақтандыру ұйымдастырылғаны туралы,кезекшілік атқарылатыны және осы тоқсанда тегін тамақтанатын оқушылардың қатарына тағы 1 оқушы келгені туралы мәлімдеді.Әр сыныпқа азық-түлікті сатып алу және оны мектеп асханасына жеткізу бойынша кезекшілік кестесі жасалған.Жеткізілген азық-түліктерге қабылдап алу актісі апта сайын жасалынып,аспазшы А.Бидасбаеваға тапсырылады.Бір мезгіл тамақ бағасы 130 теңгені құрайды.Комиссия асхана жұмысын бақылау мақсатында айына 1 рет рейд жасап,оның актісі жасалынды.
Асхана мен ас бөлімінің санитариялық жағдайы санитарлық-гигиеналық мөлшемдерге сәйкес келеді.Мектепте медбике штаты қарастырылмаған.Сондықтан қажетіне қарай Арал қыстақ ауылдық амбулаториялық пунктінің медбикесі Т.Адамбекова дайын тағамдардың сапасын органолептикалық бағалайды,сонымен қатар аспаздық тағамдар сапасын органолептикалық бағалау журналына жазып отырады.
Күн сайын асханаға мектеп басшысы бекіткен ас мәзірі ілінеді,онда тағам атауы,әр тағамның шығу мөлшері көрсетіледі.Ас бөлімінде аспазшы А.Бидасбаева дайын тағамдардың тәулік сынамасын алады.Тамақтандыру бір аусымда ұйымдастырылады.Мұғалімдер тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған,кестесі жасалынған.Асхананы жалға алушы Т.Карабаев өз уақытында азық-түліктерді жеткізеді.Тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар бракераж журналына енгізіп отырады. Алайда екінші және үшінші айға жеткізілген азық түліктеріне растау қағазын (накладная) бермеген.Зерделеу кезінде жабдықтар жарамды күйде болды.Асханаға әкелінген азық-түліктер мерзімінен өтіп кеткені анықталған жоқ. Жалпы асхананың жұмысы және ұйымдастыру жұмыстары қанағаттанарлық деп айтсам болады деген қорытынды жасады.

Шешім:
Оқушылардың тамақтану сапасына ай сайын мониторинг жүргізу және тоқсан сайын мектеп сайтына салу.