«Жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытындағы нақты шаралар туралы» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
Күн тәртібіндегі мәселемен мектеп меңгерушісі Г.Жасыбаева таныстырды.Аудандық білім бөлімінен келген хатпен таныстыру барысында мерекелік іс-шаралар өткізу мақсатында ,заңсыз қаржы жинауға қатаң тыйым салынатындығы туралы түсінік беріп өтті.Алдымызда келе жатқан мереке күндері бар,биылғы 4-сынып оқушылары бастауышпен қоштасу кешін өткізу туралы жоспарланған іс-шаралар бар.Төртінші сынып оқушылары бастауыш сынып бітірушілері болып саналады.Бастауыш сыныппен қоштасуға арналған іс-шара тек мектеп қабырғасында өткізілу керек.Мектеп басшысына,сынып мұғалімдеріне ата-аналар тарапынан сыйлық беру мақсатында ақша жинау әрекетерге қатаң тыйым салынады және заң алдында ақшалай не заттай сыйлықты беріп жатқан да,оны алған адам да жауапты болады деп ескертті.



