1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөніндегі Ш.Сахованың есебі
Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі — балаға да және оның ата - анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады. Оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін баланың дені сау және жан - жақты даярланған болуы қажет. Осыған орай мен оқушылардың мектепке, оқу үрдісіне тез бейімделуін қатаң бақыладым.
Биылғы 2022 - 2023 оқу жылында 1 сыныпта 12 оқушы болды. Соның ішінде 6 -уы қыз бала, 6-уы ұл бала. 11 оқушы осы мектептің даярлық тобында болған, 1 оқушы үйде тәрбиеленген. Оқушылардың басым бөлігі осы мектептің оқушылары болғандықтан олармен тіл табысу қиын болған жоқ. Өйткені мен бұл сыныпта жұмыс істегенмін. Бірақ оқушылар мектепке әртүрлі деңгейдегі дайындықпен келді. Бірақ басқа 1 бала үшін мектепке, оның тәртібі мен талаптарына, мұғалімге бейімделу сәл қиындық туғызды. Өйткені таныс емес мұғалім, оқушылар және орта. Әдетте мектепке бейімделудің 4 деңгейі болады: жоғары, орта, төмен және өте төмен. Менің оқушыларым менің тәртібім мен менің талаптарыма үйрене бастады.
Баланы мектепке бейімдеу процесі өте жан-жақты және ересектерден үнемі бақылау мен түзетуді қажет етеді. Оның ағымының жүйелілігін қамтамасыз ету үшін әртүрлі іс-шараларды қамтитын кешенді құжат әзірлеу қажет, олардың ішінде ең бастысы:
-диагностика;
-балалармен бейімделу және түзету сабақтары;
-ата-аналармен жұмыс.
- Екі апта бойы мен бақыдау жүргіздім.Бақылау нәтижесі қай бала бейімделуге оңай көнеді,қанша бала қиындық туғызатындарды анықтау.12 баланың 8-і оңай бейімделуге белгілі болды,4-уі қиындау болды.Екінші кезеңде балалармен түзету жұмыстары жүргізілді,сабақ барысында «Үйлер» әдістемесі»,«Баспалдақ» әдістемесі,«Адам суреті» сурет салу әдістемесі арқылы жоғары, орта, төмен және өте төмен топтарын белгілеп алдым.Партаға отырғызу кезінде жоғары тобындағы оқушылар мен төмен тобындағы баламен отырғызуды жөн көрдім.
Ата - аналармен өткізілген сынып жиналысында, мектеп ішілік жалпы жиналыста оқушының мектепке бейімделуі жайлы көп сөз қозғалған болды. Сондықтан ата - аналармен де тығыз жұмыс жүргізілді. Оқудың алғашқы аптасында - ақ кейбір оқушылар өздерін әлі оқушы сезіне қоймады. Өздерін даярлық сыныптағыдай сезініп, іс - әрекеттер жасай бастады. Тек оқудың 5 - 6 апталарында жұмысқа қабілеттілік көрсеткіштері тұрақты бола бастайды және біртіндеп жоғарылайды. Оқумен байланысты барлық жүктемеге қатысты тұрақты бейімделу басталды. Оқу жүктемесіне ағзаның физиологиялық бейімделуі қиын кезең болғанымен, ол оқудың 5 - 6 апталарында аяқтала бастады.
«Мектеп күйзелісі» - бұл баланың мектепке баруымен байланысты психикалық күйінің бұзылуы сияқты жылау, мектепке барғым келмейді деген оқушылар тарапынан қылықтар болған емес.
Балалардың ішінен мектепке бейімделу ауыр, қиын болған балалар болған жоқ. Мұнда денсаулық жағдайының бұзылуы оқу жылының басында 2 оқушыда ғана болды.
Менің ойымша менің оқушыларымның бейімделудің ауыр болған жоқ. Бірақ бастапқы бетте жаңартылған бағдарлама бойынша оқушылардың оқу тәртібі және оқу жүктемесі аса ауыр болды. Тіпті мен үшін де. Денсаулық жағдайына байланысты кейбір оқушылардың бейімделуі қиын болатын шығар. Менің оқушыларымның арасында денсаулығында кінәраты бар оқушылар болған жоқ. Барлық оқушылар денсаулық тобының негізгі тобында.
Сырттан келген 1 оқушы сынып ұжымына тез үйренісіп кетті.Мектепішілік іс-шараларға белсенді қатыса бастады:тақпақ айту,би билеу,басқа сынып оқушыларды тыңдай білуге дағдыланғандарын байқадым.
Қазіргі таңда менің оқушыларым мектепке бейімделіп болды деген ойдамын. Алғашқы уақытта мен тек оларға сапалы білім мен тәрбие беруде көп жұмыс жасаймын деген ойдамын. Себебі білімді, тәрбиелі оқушылар мұғалімінің мәртебесі мен мақтанышы.